Басты бет » Колледж қызметтері

Тәрбие бөлімі


 

 

Тлеулеева  Гульнара  Кожабаевна

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Баймишева Перизат Умиржановна

 

 

 

  Қызылорда медицина колледжіндегі тәрбие процессі білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудің кешендік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстары жүйелі, мақсатты бағытталған.
         Тәрбие жұмысының мақсаты – саяси мәдени, өнегелі, физикалық сау, жоғары интеллектуалды, шығармашылық қабілетті, өзіндік проблемаларды құра алатын және оны жоғары азаматтық позицияда шеше алатын тұлғаны құру болып табылады.
Колледжде білімгерлермен көптеген тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Солардың ішінде интеллектуалдық сайыстар, кәсіби байқаулар, ғылыми – тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, мейрамдар және тағы да басқа мәдени іс –шаралар қалалық, облыстық көлемде өтуі дәстүрге айналған. Сондай – ақ, колледж білімгерлері оқытушылардың жетекшілігімен «Біз темекі шегуге қарсымыз», «ЖҚТБ – ғасыр дерті», «Нашақорлыққа жол жоқ» т.б.тақырыптарда акциялар өткізіліп тұрады.

 Тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау Қазақстан Республикасының  «Білім туралы», «Тіл туралы», «Жастар саясаты туралы» Заңдары, колледж Жарғысы, тәрбие жұмысы Тұжырымдамасы, басшылық өкімдері негізінде жүзеге асады. Тәрбие ісі кешенді бағдарлама негізінде жүргізіледі. Онда тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен мақсаттары нақты қойылған.

 

Тәрбие жұмысының міндеттері:

Жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай жасау;

Жеке тұлғаның әлеуметтік-мәдени біліктілігін қалыптастыруға жағдай жасау;

Жеке тұлғаның адамгершілік, кәсіби және әлеуметтік маңызды қасиеттерін дамытуға көмектесу.

 

Тәрбие жұмысының бағыттары:

1.Кәсіптік тәрбие

2.Рухани-адамгершілік тәрбие

3.Азаматтық-патриоттық тәрбие

4.Мәдени-эстетикалық тәрбие

5.Экологиялық тәрбие

6.Дене тәрбиесі

Колледждің тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшелігі оқушылардың көшбасшылық, өзін-өзі бағалау сияқты жеке қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасау.

Адамгершілікке, жоғары мәдени тәртіп пен қарым-қатынасқа бағдарлау, сонымен бірге еркін таңдау қағидасын жүзеге асыру колледждің тәрбие жұмысының маңызды факторлары мен шарттары болып табылады. Жеке тұлғаны қалыптастыруға  қолайлы ортаны құру өзін-өзі басқару ұйымын құру қажеттілігін анықтап берді. Колледжде көшбасшылыққа бейім оқушылардан студенттік кеңес құрылды.Колледждің студенттік кеңесі – бұл топтардың әртүрлі істер мен акциялар бойынша жұмыстарын, студенттерді әлеуметтік қорғау сұрақтарын және бос уақытын ұйымдастыруды үйлестіруші. Тақырыптық апталықтарды өткізудің жоспарлары жасақталды: «Салауатты өмір салты», «Тілдер апталығы», «ЖҚТБ тоқтатылсын. Серт орындалсын», күзгі Ізгілік апталығы, «Қазақстан темекіге қарсы!»; жастар акциялары: «Қаланы абаттандыру», «Ардагер қасымызда тұрады», «Ардагерді құттықтау» (Жеңістің 65-жылдығына байланысты). Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кітапхана қызметкерлері де көмек көрсетуде. Әдебиеттердің тақырыптық көрмелері, жаңа әдебиеттерге шолулар, әлеуметтік маңызды және адамгершілік-эстетикалық тақырыптарға арналған әдебиеттермен танысулар өткізілді. Кураторларға көмек ретінде идеологиялық, салауатты өмір салты, адамгершілік-құқықтық, отбасылық, экологиялық бағыттар бойынша материалдар жасақталған.

Колледжде жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. ЖҚТБ орталығы мамандарымен бірлесе отырып «Наркомания және жыныстық жүгенсіздік – ЖҚТБ-ға апаратын жол» атты әңгімелесу; «Жастар салауатты өмір салты үшін» атты ақпарат тобымен кездесу, қауіпсіз және жауапты мінез-құлық тренингі өткізілді.

Тәрбие жұмысының тағы бір бағыты  жастар арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз және жауапты тәртіпті қалыптастыру. Колледжде тәртіп бұзушылықтың алдын алу кеңесі жұмыс жасайды. Кеңестің жұмыс жоспары жасақталған, Кеңес отырысының хаттамалары талапқа сай, жұмыс жоспары бойынша  жүргізіледі. Отырыстарда оқушылардың себепсіз сабақтан қалуы туралы, оқушылардың мәселелері қарастырылады, топ кураторларының есептері тыңдалады. Алдын алу жұмыстары мақсатында оқушылардың құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесулері өткізіліп тұрады. «Жас полиция қызметкері» отряды құрылды. Колледжде студенттердің бос уақытын ұйымдастыру үшін түрлі шаралар өткізіледі. «Бірінші курстардың арнауы», «Күзгі бал», «Туристік слет», «Жаңа Жылдық бал-маскарад», «Мұғалімдер күні», «Халықаралық әйелдер күні», «Жеңіс күні» сияқты мерекелер дәстүрлі мерекеге айналған, Тәуелсіздік күні, Наурыз, бүкіләлемдік денсаулық күні салтанатты түрде атап өтіледі, қалалық сенбіліктерге қатысады және т.б.

Колледж студенттері аудандық, қалалық, республикалық талантты жастар конкурстарының белсенді қатысушылары. Колледж оқушылардың шығармашылық дамуына мүмкіндіктер береді: студенттік конференцияларға, КВН, дебаттарға, спорттық шараларға қатысуға.

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысы

 

Жалпы ереже

 Жастар ісі жөніндегі комитет  бұл, Қазақстан Республикасының заңдарына және ҚПТК ішкі Ережесіне сәйкес, колледж оқушыларын осы қолданыстағы Ереже аясында басын қосатын өзін-өзі басқару ұйымы.

 Колледждің Жастар ісі жөніндегі комитеті өз жұмысын заң шеңберінде, келісімде,ашықтықта, өзін -өзі басқару және  өз еркімен атқарады.

 ҚПТК Жастар ісі жөніндегі комитеті алдарына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында колледждегі бөлімшелерімен және басқада қоғамдық ұймдармен бірлесе отырып жұмыс жасайды.

 Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысын Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қадағалайды.

 

ЖІК міндеті

  ҚР Жастар саясатын іске асыру, колледж жастарының басын біріктіру. 

  Колледждің оқу-тәрбие процессін бөлімдерде, топтарда ұйымдастыру және іске асыруына қатысу.

 ●  Ұжымда оқушының шығармашылық, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасу

 Оқушының еңбекке қабілеттілігін және қазіргі өмір сүру талаптарына  сай азаматтық позициясын қалыптастыру.

● Оқушылардың мәдениет, шығармашылық және ұйымдастырушылық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау

 Жастардың патриоттық  тәрбиеге  баулу.

 

ЖІК құқұқтары

 Колледж жастарының мәселелері бойынша жиналған жиналыстарға қатысады.

 Жастарға материалдық  және  моральдық көтермелер беруге ұсыныс білдіре алады, немесе қатаң тәртіп қолдану жөнінде өтініш білдіреді.

 Колледж әкімшілігі және ата-аналар комитеті арасында оқу-тәрбие жұмыстарын мәдени іс-шараларды  өткізу және басқада сұрақтар бойынша мәселелерді реттеу.

 Колледждің педагогикалық Кеңесіне, бөлім Кеңестеріне ұсыныстар білдіреді.

 

ЖІК ұйымынң жұмысы

 ● Жастар ісі жөніндегі комитетке әр бөлімнен таңдап алынған оқушылар кіреді (әр бөлімнен 2 адамнан).

 ●  Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасын, орынбасарын өз мүшелері арасынан сайланып қойылады.

 ●    ЖІК төрағасы ЖІК оқу жылына арналған жылдық жоспарды жасайды.

 ●  Комитет төрағасы колледждің педагогикалық Кеңесінде, бөлім Кеңестерінде  жастардың  мәселелерін көтере алады.

 Төраға жыл сайын оқушылар алдында есеп беріп отырады.

 ЖІК жиналысы айында 1 рет өткізілуі тиіс.

 ЖІК жиналысы хаттамамен толтырылады.

●  ЖІК шешімі оқушылар коллективіне міндет.

 ЖІК құрылымы:

- төраға

- төраға орынбасары;

- бөлім старостаттары;

- оқу бөлімі;

- мәдени іс-шара бөлімі;

- БАҚ, радио бөлімі;

- дене тәрбиесі бөлімі;

- тәртіп және тазалық бөлімі;

 ЖІК жиналысында колледж жастарына қатысты барлық мәселелер қарастырылады.

●   Бөлім старостаттары жылында 2 рет есеп береді.

 

 

КОЛЛЕДЖДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ


Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары:
І. Психологиялық ағарту – педагогтарды, ата-аналарды, балаларды психологиялық біліктілікке баулу. Психологиялық ағартудың түрлері сан түрлі.айталық оған әдістемелік кеңесте және ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, топтық және жеке консультациялар, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді іріктеу және тарату, тақырыптық газет шығару. Балаларды тек қана өмірге дайындау емес, балаларға қазіргітаңның өзінде бақытты, арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы, мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу.
ІІ. Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу. Психодиагностикалық іс-шараға кіріспестен бұрын, оқу жылы басында өзара келісім шарт негізінде, ата-аналар жиналысы барысында тестілеудің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинауарқылы оны жүзеге асыру қажет.
III. Психологиялық түзету – балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылу, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик-психологтан жоғары базалық психологиялық білімді және арнайы психологиялық дайындықты талап етеді. Жаңадан жұмыс бастаған психологтар психологиялық дамыту бағдарламаларын тереңірек зерттеп қарастырған дұрыс.
ІV. Психологиялық сауықтыру - барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және оны іске асыру, сауықтыру шараларын қолдану, мектептегі тәрбие беру және оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жағдай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.
V. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER