Басты бет » Қолданбалы бакалавриат

Білім беру бағдарламасы


ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ

ҚР ДСМ  23.07.2014ж.  № 417  Бұйрығы негізінде біздің колледж 2014 жылдың 01 қыркүйегінен бастап,  «Медбикелік іс» мамандығы бойынша  қолданбалы бакалавриат  білім беру бағдарламасын апробациялау мақсатында, академиялық дәрежесі: қолданбалы ғылымдар бакалавры, пилоттық жоба шеңберінде эксперименттік алаң ретінде таңдалып, 25 студенттен тұратын топ қабылданды.

2014-2015 оқу жылынан бастап эксперимент тәртібінде ҚР ДС 23.07.2014 ж. № 417 бұйрығына сай «Медбикелік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. ҚР ДС және ӘД  2016 жылғы 01 шілдедегі №587 Бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 01 қыркүйегінен бастап колледжде икемді жеделдетілген оқыту траекториясы бойыша «Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавриат кіріктірілген оқыту бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

Оқыту бағдарламасының жалпы сағат көлемінің 50%-ы   клиникалық тәжірибеге жіберіледі. Білім беру бағдарламасы студенттерді кең спектрлі клиникалық дағдыларды және емделуші орталықтандырылған күтімді жүргізу технологиясын оқытуды; базалық және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды қарастырады.

Бакалавр сауалнама

Респондент: Анкетаны толтыру үшін Сізге 2-3 минут уақыт кетеді

Жауабыңызды bakalavr.kmk@mail.ru  электронды почтаға жіберулеріңізді сұраймыз.

РЕГИСТРАТОР ОФИС БӨЛІМІ

 

 

 

“Қолданбалы бакалавриат” оқу бағдарламасын игерудегі қолданылатын нормативті-құқықтық құжаттар

 

 

 

 

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының

«Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ МКК

 

БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА:

«Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ МКК          2019-2020 оқу жылындағы «Мейіргер ісі» мамандығы «Мейіргер ісінің Қолданбалы бакалаврлары» біліктілігі бойынша 1,6 жыл оқу бағдарламасымен І курс ҚБ-104-18ЖБ бюджет тобындағы вакантты 1 орынның бос болуына байланысты ҚБ-106-18ТТ толық төлемақылы топтан ауысу үшін конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

І.ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына /2017 жылғы 25 желтоқсандағы №649 бұйрықпен толықтырулар мен өзгертулер енгізілген/ сәйкес жүргізіледі:

- Білім алушы  білім беру ұйымының басшысының атына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш береді;

- Білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, педагогикалық кеңестің қарауына шығарады. Педагогикалық кеңес шешімімен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.

ІІ.ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында «Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі» көрсетілген.Бағалау жүйесіне орай, білім алушы семестр қорытындысында барлық пәндер бойынша аудиториялық, симуляциялық сабақтардан және клиникалық практиканың қорытынды аттестация бағалары «А» өте жақсы (3,67-4,0) және «В» жақсы (2,67-3,33) аралығында жоғары балл (оң баға) жинау қажет.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің заңдарын басшылыққа ала отырып, семестр қорытындысы бойынша ҚБ-106-18ТТ толық төлем ақылы топтағы 24 білім алушының ішінде І семестрдің аудиториялық, симуляциялық сабақтарын және клиникалық практиканың қорытынды аттестациясын жоғары баллмен аяқтаған білім алушы конкурсқа түсіп, ең  жоғары   балл жинаған үміткер педагогикалық кеңес шешімімен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бюджеттік топқа ауысады.

 

РЕГИСТРАТОР ОФИС БӨЛІМІ

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER