Басты бет » Колледж қызметтері

Әдістемелік бөлім


Молдраймова Сыргуль Туткабаевна

Әдіскер кабинетінің меңгерушісі

 

 

 

 

Айжанова Гүлназ Сейітханқызы

Әдіскер

 

 

       

Сараман Гүлдана Жанболатқызы

Зертханашы

 

 

 

Бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнына жаңаша тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі. 

Педагогикалық ұжымның ғылыми - әдістемеліктің келелі мәселесі: «Оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу, жалпы білімдік әдістемелік қызметті жүзеге асыра отырып үздіксіз білім беруді қолдану, әдістемелік мәселесін іс жүзіне асыруға жұмылдыру»
Колледждің әдістемелік кабинеті оқу-тәрбие үрдістерін ізгілендірудің, озық тәжірибелер мен ғылым жаңалықтарын ендірудің, оларды зерттеп, жинақтап таратудың орталығы болып табылады. Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты - әрбір оқытушыны шығармашыл тұлға деп қарап, ізденіске жетелеу. Жаңашыл, шебер ұстаздардың тәжірибесін насихаттау, ғылыми үрдіске даярлау.
Әдістемелік кабинетінің басшылығымен колледжде циклдық әдістемелік комиссияның, шығармашылық топтың жұмыстары ұйымдастырылған. Олардың негізгі мақсаттары – оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгере отырып, оқу-әдістемелік процесті жетілдіруге ықпал ету. 
Колледжде алдыңғы қатарлы оқытушылардың іс-тәжірибелері жинақталып, жүйеленіп таратылады.
Колледжде алдыңғы қатарлы оқытушылар мен топ, ЦӘК, үйірме жетекшілерінің, кабинет меңгерушілерінің іс-тәжірибелері жинақталып таратылады.

Оқытушылардың кәсіптік деңгейін, педагогикалық іс-тәжірибелерін бағалау мақсатында әдістемелік кабинетінің басшылығымен рейтингтік бағалау жүйесі енгізілген. Рейтингтік бағалау жүйесі көптеген номинациялар бойынша ең үздік оқытушыларды, циклдык әдістемелік комиссия, кабинет, үйірме және топ жетекшілерін анықталады.

Колледж оқытушылары өз білімдерін жетілдіру мақсатында жыл сайын білім жетілдіру курстарынан өтіп, білімдерін көтереді. 

Колледж оқытушылары Республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға белсене қатысып, баяндамалары ақпараттық басылымдарда жарияланып отырады. 
Колледж ұжымы үнемі шығармашылық ізденісте.

 

Әдістемелік кабинеттің мақсатын жүзеге асыру үшін келесі жұмыстар орындалады:

·  Пәндік циклдік комиссиялардың қызметін жүзеге асыру үшін ақпараттық қолдау көрсету.

·  Оқу үрдісіне ақпараттық бағдарламаларды енгізу үшін әдістемелік көмек беру.

·  Ғылыми-терориялық, құқықтық-нормативтік, әдістемелік бағдарламалардың ақпараттық  мәліметінің банкін құрастыру.

·  Колледж оқытушыларының педагогикалық шеберліктерінің жұмысын одан әрі жалғастыру.

·  Өндіріске жаңа педагогикалық технологияны ендіру және үйрету.

·  Озық  іс- тәжірибені  тарату.

·  Жаңашылдық    технологияларын меңгеру.

·  Өзіндік танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру.

·  Әдістемелік жұмыстың формалар  жаңаландыру.

 

Әдістемелік кабинеттің жұмысының негізгі бағыттары:

·         Оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны ендіруге байланысты ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыстарды өткізу;

·         ақпараттық-коммуникациялық технологияны  оқу    процесіне енгізу бойынша     педагог мамандардың іс- тәжірибесін тарату;

·         педагог мамандардың технологияларды пайдалана алу дайындығын  арттыру және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін дамыту;

·         Инновациялық және экспериментальды жұмыстарды өткізу, инновациялық жобаларды дайындау;

 

Кабинеттің  ғылыми-әдістемелік жұмысының түрлері: 

1. Эксперименттік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

·  Инновациялық технологиялар мен жобаларды енгізу.

·  Заманауи ғылыми-техникалық бағытта зерттеу жүргізу.

·  Ғылыми- тәжірибелік  конференцияларға, семинарларға қатысу.

2. Әдістемелік құжаттарды дайындау:

·  Мамандықтар бойынша жұмыс бағдарламалары

·  Ашық сабақтар мен іс-шаралардың  жинақтары.

·  Әдістемелік оқу құралдарының,  электрондық оқу құралдарының жинақтары.

3. Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру:

·  Біліктілік арттыру курстары

·  Мәселелі семинарлар

·  Педагогикалық оқылымдар

·  Жеке кеңестер беру

·  Ашық сабақтар мен іс-шаралар

·  Тәлімгер мектебі

4. Озық тәжірибені тарату: 

·  Педагогтарды аттестаттау

·  Зертттеу рәсімдерінің қортындысы (доклад, журнал статьялары, көрнекі материалдар)

·  Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық   технологияны өз  қызметтеріне енгізуге байланысты   ұйымдастыру жүйесін жасақтау

·  Шебер-кластар

·  Әдістемелік декадалар мен күндер

 

 

         Колледжде ғылыми-әдістемелік қызметі аясында оқытушылардың әдістемелік жұмыстары және білім алушылардың зерттеу жұмыстары алға қойылған.

Оқу-білім үрдісін жетілдіру барысында, колледжде студенттердің ғылыми-зерттеулік жұмыстармен айналысуына көп көңіл бөлінеді. Осы қызмет барысында студенттер ғылыми-зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, машықтанады және де шығармашылығын шыңдауға, өз бетінше ізденуге, шығармашылық бастамаларын оқуда және болашақ мамандығында да қолдана алады.

Оқытушылар мен білімгерлердің ғылыми ізденістік бағыттағы жұмыстары пәндік үйірмелер арқылы жүзеге асырылады. Үйірме жұмысының нәтижесі ғылыми- тәжірибелік конференцияларда баяндалады.

 

Колледжімізде жүйелі түрде жас мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды көздейтін «Жас ұстаздар мектебі» жұмыс істейді. Жас мамандарға пәннің әдістемесі және колледж құжаттарын жүргізуді үйрету үшін жетекшілер тағайындалған. Өзара сабаққа қатысу жақсы жолға қойылған. Тәжірибе алмасу мақсатында жоспарлы түрде жас мамандардың апталығы өтіп, онда ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын өткізіп, сабақтарына дайындалуда тәлімгер оқытушылар әдістемелік көмек көрсетіп, сабақтардың талдауы дөңгелек үстел аясында өтеді. Әдістемелік кабинет меңгерушісі, колледж әдіскері жас мамандарға жүйелі қолдау көрсетіп, сауалнама жүргізеді, жұмыс барысында кездесетін қиындықтардан шығу жолдарын бағыттайтын семинарлары жүйелі және нәтижелі. Колледжіміздің жас педагогтары қалалық, облыстық байқауларда да өздерінің білімі мен біліктілігін жоғары көрсетуде.

 

Жас ұстаздармен жүргізілетін жұмыстың тақырыбы:

Оқу-тәрбие үрдісінде   шығармашылық ізденіске   баули отырып, 

инновациялық белсенділік танытушы оқытушы

тұлғасын қалыптастыру. 

 

Жұмыстың мақсаты: 
Жас маманның теориялық білім, білігін тәжірибемен ұштастырып,  кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету. 

Міндеттері:

1.     Нормативтік құжаттармен  жұмыс істеуді меңгерту;

2.     Өз пәні бойынша жаңа технологияларды игеру;

3.     Алдыңғы қатарлы жаңашыл педагогикалық тәжірибелерді енгізу, қолдану, іздену арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру;

4.     Озық  тәжірибелі оқытушылардың сабағына қатысу;

5.     Өз білімін көтеріп,  толықтырып отыру;

 

Циклдiк әдiстемелiк комиссия бiлiм беру процесiн, нақты бiлiм беру саласы мен оқыту пәндерi бойынша оқу-әдiстемелiк қамтамасыздандыру жұмысымен айналысып, колледждiң негiзгi ұйымдастырушы, шығармашылық бөлiмшесi болып табылады.

ЦӘК қызметiнiң негiзгi бағыттары

1.Оқушылардың өз бетiнше жұмыс iстеуiн ұйымдастыру, тәжiрибелiк сабақтарды орындау, пәндер бөлiмдерi мен бөлек тақырыптарды меңгерту бойынша нұсқаулар, әдiстемелiк құралдар, оқу жұмысының жоспары мен оқыту пәндерi бойынша бағдарламалар әзiрлеу.
2.Оқыту технологиясымен қамтамасыздандыру, оқыту тәсiлдерi мен әдiстерiн, инновациялық педагогикалық технологияларды таңдау.
3.Оқушылардың әдiстемелiк және кәсiби шеберлiгiн арттыру, олардың кәсiби бiлiмiн толықтыру, жас мұғалiмдерге көмек көрсету, ЦӘК құрамына кiретiн оқытушыларды аттестаттау бойынша ұсыныс енгiзу.
4.Жаңа педлагогикалық технологияларды, оқыту мен бiлiм беру тәсiлдерi мен әдiстерiн зерттеу, қорыту және бiлiм беру процесiне енгiзу, ашық сабақтарды дайындау, өткiзу және оларды талқылау.
5.Оқытушылардың ғылыми, шығармашылық жұмысын басқару.
6.Оқу бағдарламаларын, оқу, әдiстемелiк құралдарын, видеофильмдердi және басқа оқыту тәсiлдерiн қарастыру, оларға сын-пiкiр беру.
7.Оқыту пәндер кабинеттерiнiң жұмысы мазмұнына бiрыңғай талаптарды шығару, циклдiк әдiстемелiк комиссия құзыретiне қатысты оқытушылар жұмысының жоспарларын, ашық сабақтар өткiзу жоспарларын, т.б. материалдарды талқылау және қарастыру.

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER