Басты бет » Колледж қызметтері

Рухани жаңғыру орталығы


           

                                        

Шарапатов Ахмет Шарапатұлы

         Рухани дамыту орталығының  меңгерушісі

 

 

    «Рухани дамыту» орталығы Елбасының 2017 жылдың 12 сәуірін-де жарыққа шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде жастарды қазақ халқының ұлттық дәстүрлі құндылықтары негізінде тәрбиелеу мақсатында еліміздің орта арнаулы оқу орындары базасында Рухани дамыту орталықтарын ашу ұсынылған болатын. Осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында колледжіміз-де «Рухани дамыту» орталығы ашылып, 2017-2018 оқу жылында  атқаратын жұмыс жоспары бекітілді. Ұрпақ тәрбиесіне тұрақты көңіл бөліп келе жатқан Елбасы мақаласының негізінде жұмыс жасауды көздеген орталық Қызылорда медициналық жоғары колледж жастарының рухани мол азық жинауына, рухани баюына негізделген, өз Отандарына, өз өлкелеріне деген сүйіспенші-ліктерін, жанашырлық, патриоттық сезімдерін күшейтуге бағыт-талған іс-шаралар жүргізіп келеді. «Рухани дамыту» орталығының ықпалымен жасалып жатқан іс-шараларының барлығы Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының шеңберінде болды. «Президенттің стратегиялық ойлау, құбылыс-тарды, қоғамдық қатынастарды прагматикалық тұрғыдан бағалауы және елдегі осы тарихи кезеңдегі шынайы ахуалмен, қоғам мүд-делерімен тығыз байланыста қараудағы тереңдігі мен жаңашыл-дығы бұл мақаланың маңызын арттыра түседі. Мақаланың  түпкі нысанасы – Қазақ  мемлекетінің түбегейлі мүддесіне қызмет ету, соны өркениеттің алдыңғы легіне шығару екендігі, халқымыздың рухани байлығын арттыра түсуге, бәсекеге қабілетті, рухани бай, ұлттық рухта тәрбиеленген, бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп өскен жаһандық заманауи қазақстандық болашақтың өсіп-жетілуіне  мүмкіндік жасау. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын-да екі бағдарлама атап көрсетілген. Оның біріншісі ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы. Онда бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы туралы айтылады. Екінші бағдарламасында таяу жылдардағы міндеттер қарастырылған. Оларға қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын қолға алу,  «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, «Жаһан-дағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жасау тапсырылған. Елбасы мақаласының серпінімен елімізде көптеген жаңалықтар мен игі шаралар атқа-рылып, мәдени-рухани саламыз жаңа дүниелермен, жаңалықтармен толықтырылды. Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр.Оның бірі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы.Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан  бас тарту.Мұндағы басты идея – болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу.Озығын алып, тозығын тастау. Осындай жаңаша идеяларымен бұл құжат халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне көз жеткізіп отыр.

 

     Сонымен қатар колледж оқушыларының жыл сайынғы, дәстүрлі жиындарын, іс-шараларын «Рухани дамыту» орталығы тарапынан Елбасының мақаласы негізінде болашақ ұрпаққа арнаған тағы-лымды сөздерімен бастау күн тәртібіне енгізілді. Атап айтқанда, тамыз айының жиырма тоғызында Қазақстан Республикасы Конс-титуциясы және білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысуға атсалысты. Онда еліміздің алтын әріптермен жазылған Ата заңы-мыздың – қасиеттілігін, елдігіміздің тұғыры, бұлжымас ар-ожда-нымыздың құжаты екендігі, оны білуіміз және қорғауымыз қажет екені баяндалды. Екінші мәселе бойынша еліміз үшін ең алдымен қазіргі таңда білімнің маңызды орын алып отырғаны, кез келген қоғамның не мемлекеттің алға жылжуы үшін ең бірінші қару – білім екендігін бүкіл әлем мойындап отыр. Сондықтан біліммен қа-руланған кез келген ұрпақ өз замандастарынан көш ілгері жүре алады. Бәсекеге қабілетті, заманауи қазақстандық тұлғалар жетіліп шығады. Қазақстандық білім мазмұнымен бекітілген білім беру стандарттары жаңартылуда.

 

     Қыркүйек айының он екісі және қазан айының алтысы аралы-ғында колледждің мамандықтар бойынша барлық оқу топтарында колледж акт залында алғашқы жиын өткізіліп, Елбасының «Бола-шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын таныстыру және оны насихаттау жұмыстары басталды.

 

    Қыркүйек айынан бастап «Мәдени мұра» бағдарламасы аясын-дағы тарихи-мәдени жаңғыруға бағытталған іс-шаралар басталды. Халқымыздың бай тарихына, мәдениетіне байланысты тың туындылар, тарихымызға қатысты жаңаша зерттеулерге шолу жасалып, деректер жиналды.

 

    Қазан айының екісінде колледж ұжымы арасында Елбасы мақа-ласында айтылған Латын әліпбиіне көшу жұмыстарын талқылауға арналған «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру бағдарлама-сының өзегі» атты ғылыми-тәжірибелік жиналыс ұйымдастырыл-ды. Онда латын қарпіне көшу – заман талабы екендігі, оған көшудің қазақ елі үшін маңыздылығы жөнінде айтылды.

 

    Бағдарламалық мақалада жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Рухани дамыту» орталығының ұйымдастыруымен қазан айында «Туған өлкем – Қызылорда» атты тарихи-танымдық экспедиция жасақталды, экспедиция мүшелері «Қазақстанның кие-лі жерлерінің географиясы» жобасына енген облысымыздағы қа-сиетті тарихи жерлерде болды.Топтың құрамында колледждің «Әлеуметтік-экономикалық  пәндер» бірлестігінің жетекшісі А.Ж Махамбетова, кәсіподақ комитеті төрайымы П.Ө.Баймишева, кол-ледж жастарының жетекшісінің бірі Р.Шарапат болды. «Туған өлкем - Қызылорда» экспедициясының мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен «Ту-ған жер» бағдарламасы аясында Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұралар және киелі орындарға саяхат жасау, зиярат ету арқылы ортағасырлық қалалар, ортағасырлық тұлғалардың кесе-нелері тарихымен танысу.Осының негізінде деректер жиналып, ол деректерді ғылыми айналымға енгізіп кітап етіп шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Колледжде ұйымдастырылған та-рихи-танымдық экспедиция жөнінде және ол ескерткіштеріміз бен тарихи қайнар бұлақтарымыз жөнінде облыстық Сыр бойы газетіне мақалалар жазылды.

 

     Отан тарихы өлке тарихынан бастау алады. Адамзат өрке-ниетінің туып - қалыптасуына негіз болған Еуразия даласындағы «Алаштың анасы» атанған Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуіне Сыр бойында өмір сүрген сақ, қаңлы, оғыз, қыпшақ тайпаларынан қалған мұралар ерекше құнды. Сыр өңірінің киелі, қасиетті орын-дарын әлем халықтарына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру да маңызды. Бұның түп қазығында қоғамдық сананың қалыптасуы, рухани жан дүниенің баюы, ұрпақ тәрбиесі жатыр. Біз ұрпағымызды отансүйгіштікке осылай тәр-биелеуіміз керек деп ойлаймын.

 

     17.11.2017 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.На-зарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарлама-сын жүзеге асыру мақсатында  колледж оқушыларына «Болашаққа бағдар» фильмін көрсетілу ұйымдастырылды. «Болашаққа бағдар» фильмі екі тілде, қазақ және орыс тілінде көрсетілді. Көрсетілімге қатысушылар ерекше қызығушылықпен, ынта  қойып көрді.

 

     30.11.17ж. күні «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези-денті» күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдас-тырылды. Конференцияны «Рухани дамыту» орталығының меңге-рушісі А.Ш.Шарапатов жүргізді. Онда тарих пәнінің оқытушылары Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағынан бастап, еңбек жолының биік шыңына көтерілу кезеңдерін, оның Тәуелсіздіктің алғашқы жыл-дарындағы қиыншылықтарды шеше білуі, ел тізгінін ұстаудағы ұс-тамдылығы, көрегенді саясаты, жиырма алты жыл ішінде еліміздің абырой-беделін осындай деңгейге дейін жеткізуін баяндады.

 

    13.12.17ж. күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кеште «Рухани дамыту» орта-лығының меңгерушісі А.Ш.Шарапатов Қазақ елінің Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейінгі қиыншылықтарын және Тәуелсіздігіміздің жетістіктерін, рухани жетістіктерін баяндады.

 

     Желтоқсан айында колледждің мамандықтар бойынша барлық оқу топтарында «Рухани жаңғыру» пәнінен 6 сағат сабақ жүргізілді. Сабақтың арнайы күнтізбелік-тақырыптық жоспары, жұмыс бағдарламасы бекітіліп, сабақ колледждің сабақ  кестесі бойынша жүргізілді. Дәріс кезінде Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласының мақсаты, бағыты, Елбасының тапсырылған міндеттері, мақаланың жалпы сипаттамасы таныстырылды.

 

     Сонымен қатар «Рухани дамыту» орталығы жоспардан тыс іс-шараларға да белсене атсалысты. Орталықтың ұйымдастыруымен колледж оқушылары мен оқытушылары Республикалық және облыс көлемінде өткізілген көптеген іс-шараларға қатыстырылды. Атап айтқанда бұл жұмыстар «Рухани дамыту» орталығының тарапынан жіберілген «Қазақстанның киелі жерлерінің жобасына» «Ірі ортағасырлық қалалар және қазақ хандығының астаналары» санатымен енгізілген Жент, Жанкент, Сығанақ, Шірік-Рабат қалалары және «Діни және ғибадат орындары» санатымен тізілімге енгізілген Бегім ана мұрасы, Қорқыт Ата мемориалдық кешені, Оқшы ата мазараты, Қорасан ата кесенесі, Төлегетай Қылышты-Ата кесенесі, Христос Спаситель шіркеуі секілді  Сыр өңірінің тарихи ескерткіштеріне тарихи экотуризмдік шолу жасалған  баяндама Ақтөбе облысындағы «Оқытушылардың жоғары ғылыми әдістемелік мектебі» ұйымдастырған «Рухани жаңғырудың дара жолы!» атты  республикалық байқауында үздік деп танылды.

 

    «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең беделді архивтерінен тарихымызға қатысты зерттеулердің маңызы жөнінде деректер жиналды. Қыркүйек айының 25-інде Қызылорда заң университетінде ұйымдастырылған «Сыр өңірі тарихы – архив құжаттарында» атты дөңгелек үстелге орталықтың мүшесі, тарих пәні оқытушысы Э.С. Нұрпейісова қатысып, жастарға мұрағат қорының құжаттарымен жұмыс жасау – заман талабы екендігін, тарихымыздың ақиқаты осы жазба ескерткіштерде екендігін түсіндірді.

 

     27 қараша күні М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің базасында «IT SKILLS” тақырыбында оқытушылар мен білім алушылар арасында облыстық командалық шығарма-шылық идеялар байқауына колледж атынан жіберілген «Қызылорда өңірі ескерткіштері» атты жоба үздік деп танылды. Ол жоба бағдар-ламамызда Сыр өңірінен «Қазақстанның киелі жерлерінің геогра-фиясы» тізіліміне енген тарихи-мәдени ескерткіштер мен көне қалаларымызды арнайы географиялық картаға салып, саяхат жасал-ған.

 

     2018 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында-ғы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдауда Елбасы еліміздің әлемдегі  түрлі сынақтар-ға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғанын, 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асыры-лып жатқандығын, Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатқандығын айта келе алдымызда жүзеге асыратын 10 негізгі міндеттерін тапсырды.Олар:

 

1. Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбас-шысына айналуы тиіс.

 

2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

 

3.«Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

 

4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

 

5.Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологиялар-ды енгізу.

 

6.Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

 

7.Адами капитал – жаңғыру негізі.

 

8. Тиімді мемлекеттік басқару.

 

9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

 

10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

 

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын колледж әкімшілігі, қызметкерлері, оқытушылары, оқушылары арасында таныстыру және насихаттау жұмыстары 12.01.2018ж және 15.01.2018 ж. күндері өткізілді. Жиналыста Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер бүгіннен бастап атқарылуы тиістігі, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының  колледж әрбір оқу топтарында  таныстыру сабақтары өткізілуі қажеттігін және оқу-әдістемелік құжаттар дайындалуы қажет екендігі атап айтылды. Биылғы Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы да-мудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын колледж оқушылары мен оқытушылары бірауздан қолдайтындығын және жүзеге асыруға атсалысатындықтарын атап айтты. Және оқу орнымызда Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын таныстыру және талқылау мақсатында түрлі іс-шаралар науқаны басталып кетті. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін насихаттау мақсатында 29.03.2018 жылы оқушылармен кездесу өткізілді. Мамыр айының 29-ында «31 мамыр – Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған жиын өткізілді.Ал маусым айының 1-інде Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай  рәміздерімізді насихаттау мақсатында оқушылармен кездесу өткізілді.«Рухани дамыту» орталығы орталық жоспары негізінде және жоспардан тыс  атқарып жатқан жұмысының қысқаша көрінісі осы, және болашақ жас ұрпақты еліміздің құндылықтарын білуі, тарихи рухани қайнар бұлақтарымен сусындап өсуі, туған өлкесіне жанашыр, бойына адамгершілік құндылықтарды жинап өскен ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу үшін бұл жұмыстар жалғасын таппақ.

 

 

   

 

   

 

     

 

 

 

 

 

 

“Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасын жүзеге асыру

мақсатында  Қызылорда медициналық жоғары колледжі оқушылары оқытушы Баймишева Перизат апайларының жетекшілігімен

Қорқыт Ата мазарында.

 

 

       1.Кіріспе.Ұлт тарихындағы  кемеңгер, мүбәрәк тұлға Қорқыт мұрасы, ой қазынасы халқымыздың шығармашылық даналығын, философиялық дүниетанымын, таңғажайып күйшілік қабілетін терең танытады. «Қорқыт ата кітабы» - ұлт тарихы мен мәдениетінің Бас кітабы. Мұхиттай шалқыған ойдың, даналық дәрістердің, сөз гауһарларының әлемі.

     Қорқыт – оғыз-қыпшақ қауымынан шыққан сұңғыла дана, ақылгөй, батагөй, сәуегей, асқан абыз, жырау, қобызшы, қазақ бақсыларының пі-рі, күй атасы.

    Қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңір биі» дейтін рухани сұлулық пен ізгілікке бө-ленген үздік дәстүрлер, сырлы мақамдар қалып-тасып дамыған. Демек, Қорқыт – Ә.Марғұлан айт-қандай, «керемет иесі», «ұлыстың ұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап бе-ретін жырау». VІ-VІІ ғасырларда Ұлытаудың теріс-кейі мен Дегелең тауында қобыз аққуға ұқсас-тырылып тасқа бедерленген. Аққу – сұлулықтың, пәктіктің символы, түркі жұрттарының киесі, тотемі.

    2.Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші.    Шамамен 9-10 ғасыр-ларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақ-шы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған.1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сыр-дария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз.Мазар 19 ғасырдың соңында

Ә.Диваев, И.А.Кастанье, П.И.Лерх зерт-теулеріне негіз болған. Бізге «Түркістан альбомы» жинағында жарияланған фото-суреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кас-таньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6-8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көріні-сі биік, қабырғалары кереге өрнегімен на-қышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемо-риалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт Ата ескерткіші. Қорқыт Ата ес-керткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 18 км жерде, Қорқыт станциясының түбінде (1980). Авторлары –Б.Ә.Ыбыраев, С.И.Исатаев.

  

 

 3. Қорқыт Ата ескерткіші темір бетон-нан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік сте-ладан тұрады.Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді.Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар.Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.

Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт Ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған. Қорқыт Ата ескерткіші-нің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шар-тарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын «Түйе табан» өрнегімен безендірілген.Әр-бір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композиция шешім тапқан. 1997 жылы ес-керткішті қалпына келтіру, жөндеу жұ-мыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архи-тектуралық ансамбль жасалып, мемориал-дық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды.Оның қорын-да 700-ге жуық экспонат сақталуда. Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәде-ниеті жайлы мәліметтер беретін мате-риалдар қамтылған.Бұл ескерткіш ке-шен күллі түркі халықтарына ортақ қа-сиетті зиярат орындарының бірі болып саналады.

      Қорқыт Ата кітабы («Китаби дәдәм Коркут ғали лисан таифа оғузан») – қа-һармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы.ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім:Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған.19 ғасырда бұл жазба ескерт-кішті зерттеп, аудару ісімен академик В.В.Бартольд айналысып, жеке тармақта-рын жариялады.Кейін бұл аударма «Деде Горгуд» (Баку, 1950), «Книга моего деда Коркута» (М.-Л, 1962) деген атпен жарық көрді.Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қа-зақ тілінде 1986 жылы тұңғыш рет басыл-ды.Әдеби әрі тарихи этникалық мұра ре-тіндегі «Қорқыт Ата кітабында» қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол.Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этникалық тегі, этногра-фиясы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған.Осы деректер-дің оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырда-ғы ерлік сарындары аса елеулі.Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мар-дин қамалдарын қиратқан батыр. Қазан – оғыз елінің көсемі.кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ,Қан Төрәлі, Қазан-Салор, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз,Әмен, Әмран Бе-кіұлы,Бисат, Дүлек Боран, Дондаз, Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. «Қорқыт Ата кітабы» оғыз тайпа-ларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария),Бану Шешек (Баршын салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақ-талған.Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт.Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы.Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этникалық атауы да айқын.Бір кездері Қорқыт жи-нақталған фольклорлық бейне деп ұғы-нылса, бертін келе оны тарихи тұлға ре-тінде тани бастады (қазіргі Қорқыт ата). «Қорқыт Ата кітабы» Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбе-тов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев,                            Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттел-ді.Кітаптың 1300 жылдығы 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан халықаралық дең-гейде атап өтілді, «Қорқыт ата» энци-клопедия жинағы жарыққа шықты (1999).

    4. Қорқыт Ата күйлері.Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күй-лер –«Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елімай», «Ұшардың ұлуы».

    «Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгі-мелерге сүйенсек, баяғы заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала жә-не ата-анасы өмір сүрген.Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады.Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді.

Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді.Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл бала-ның зиратының қасында ұлып жатқа-нын көреді.Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шыға-рады.

      «Башпай» - Қорқыт Атаның күйі.

Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт Атаның қарындасы болған еді.Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді.Сонда ол «Мені көмгенде, баш-пайымды сыртқа шығарып көміңдер» дейді.Бұны айтқан себебі: ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметте-ген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.

    5. Қорқыт ата тұлғасы туралы Ә.Науаи «Бетіне нұр жауғыр Қорқыт ата еді, түр-кі ұлысы арасында одан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқы ешкімге жеткізбейтін еді. Өзгешелігі, данышпан-дық атының көп шығуы, неше жыл өзі-нен бұрынғыны білуі, неше жыл соңғы-ны, келешекті айтып беруі, оның таңқа-ларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар» дейді. Расында, осынау ұлы шы-ғармада Қорқыт заманында жасаған 366 алып, 24 би, 32 білгір, ел басқарушы ту-ралы нақыл сөздер бар. Солардың кейбі-реулерін келтірейік: «Қаратаудай мал жиса да, кісі көзі оған тоймас», «Кекі-рейгенді тәңір сүймес, көкірегін көтер-генге бақ қонбас», «Жас өседі, жарлы байиды», «Өшкен келмейді, өлген тіріл-мейді», «Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт ал-мас» т.с.с. Адам баласының сан ғасыр-лық тәжірибесінің қорытындысы, ақыл- ой сүзгісінен шыққан ғибратты, мағыналы асыл сөздер ғой.

      Естінің жан-жүйесін, ой-сезім дүниесін дүр сілкіндіретін күйлі-қуатты ұлы тілектер де мол.Мәселен,

       Үйірлі Қаратауың жығылмасын,

       Зәулім бәйтерегің кесілмесін.

       Тулап аққан мөлдір суың сарқылмасын.

        Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын.

        Шабар болсаң, ақбоз атың арымасын.

        Шапқаныңда қара болат қылышың кетілмесін.

        Шаншарыңда ала найзаң мұқалмасын.

        Ақ жаулықты анаңның тұрағы пейіш болсын,

        Ақсақалды бабаңның тұрағы жұмақ болсын,

        Хақ жандырған шырағың сөнбесін,

        Қадір Тәңірі сені арамызға мұқтаж етпесін!

 

       Қорқыт мұрасында жер-су, мал атаулары, әскери өнердің басты ұғымдары жөнінде ел тарихы мен тіл төркіні деректер жеткілікті. Қорқыт ата – түркі ру-ханияты дүние-сіндегі таңғажайып бір құбылыс. Оның тұлғасы мен мұрасы, өнері мен өрендігі – адам-затқа ортақ игілік. 

      

 

“Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы” жобасын жүзеге асыру

мақсатында  Қызылорда медициналық жоғары колледжі оқушылары оқытушы Баймишева Перизат апайларының жетекшілігімен Оқшы ата кесенесінде.

 

     Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа-ласында әрбір халықтың, әрбір өрке-ниеттің баршаға ортақ қасиетті жерле-рі болатынын, оны сол халықтың әр-бір азаматы білетінін айтып өтті.Сон-дай-ақ, Қазақстанның қасиетті жерле-рінің мәдени-географиялық белдеуі неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екенін назарға алды. 


  Сыр бойында да рухани қайнар бұ-лақ болатын киелі мекендер бар. Со-лардың бірі Шиелі ауданындағы – «Оқ-шы ата» кесенесі. Ол  - тарихы терең-нен сыр шертетін киелі орындардың бірі.Бұл жерді әулиелер ордасы деп та атайды. Ғалым Әуелбек Қоңыратбаев атап көрсеткендей, ХІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауидің даңқты кесенесін Ақсақ Темір салғанға дейін осы Оқшы Ата жері ежелгі Тұранның, оғыздар мен түркі қыпшақтарының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешен-дерін жерлеген қорымы болған екен.

      Әңгімені алдымен сол киелілер орда-сының атын иеленген Оқшы атадан бас-тайық.Ел жадында сақталған аңыздарда оның шын есімі Көгентүп деп айтылады. Кейбір деректерде Ыбрайым деп та атала-ды. Өзі ел ішінде тұлғалы батыр ретінде танылған. Бізге жеткен мәліметтерге  сүйенсек, дін жолына түсіп, ілім іздеп кеткенде еліне жау шауыпты. Жаудың патшасы жұрттың барлығын қан қақ-сатып, ұлын құл, қызын күң етіп, дү-ние мен малын талан-таражға салған көрінеді.Ақыры ойы Оқшының қарын-дасына түсіп, оған да қол салмақ бола-ды.Не істерін білмеген қыз бір төбенің басына шығып, ағасынан көмек сұрай-ды. Бұл кезде Оқшы батыр Түркістан-да жүр екен. Қолына бір уыс арпаның қабыршағын алып үрлепті.Сол кезде жау билеушісі ғайыптан қаза болған.Емшілерінің барлығы патшаларының неден өлгенін білмей дал болады.Бұл кезде қарындасынан хабар келісімен жолға шыққан Оқшы ата елге келіп, жау патшасын өзі өлтіргенін, сенбесе ішін жарып, жүрегін кө-рулерін сұрайды.Бір елдің айбынды батыры осылай істеп тұрған соң, патша емшілері оның айтқанын істейді.Айтса айтқандай, әміршінің жүрегіне арпаның қабыршағы қа-далыпты.Аңыз сөзі осылай дейді. Бұл маза-ратта Оқшы атадан бөлек Асан ата, Қыш ата, Ғайып ата, Есабыз, Досбол датқа мен Бала би сынды халық әулие деп атайтын жеті бір-дей кісі жерленген.

Бұл адамдардың барлығы – өмірде болған, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған, елдің құрметіне бөленген, халық үшін еңбек еткен жандар.Әрқайсысының өзіндік тарихы мен орны бар, - дейді Шиелі аудандық та-рихи-өлкетану музейінің қызметкері Бекболат Әбуов. Ел ішінде Асан атаны Асан қайғы деп те атайды.Сонда қазақ хандығының құрылуына өлшеусіз үлес қосқан көреген жырау, ханның өзін сөзбен тоқтататын данышпан адам шынымен осында жерленген бе? Бұл мәселе республика көлемінде талай мәрте көтерілді.Қалай болғанда да жергілікті халық оны Асан қайғымен байланыстырады.Қыш ата мен Ғайып атаның тарихы тереңде. Есабыз баба емшілігімен, көріпкелділігімен ел есінде қалған. Қартайған  шағында екі көзі зағип болған соң, келіндер атын атамай Көзді ата деп кеткен.Бала би әрі шешен, әрі сөзге жүйрік кісі екен. Ел ішіндегі маңызды мәселелерді шешуде барлық іске адамгершілікпен қарап, ұтымды ой ай-тып, алдына келгендерді тапқырлығымен тәнті ет-кен.Осы бейіттен байыз тапқан Досбол датқа аты айтып тұрғандай, әрі датқа, әрі би ретінде халық жадында сақталған.Ол «ағайынды жамандап, ту-ғанды қайдан табармын» - деп елді бірлікке шақы-рып, халықты ынтымаққа ұйыстырған. Қазір Шиелі ауданында Бала би мен Досбол датқаның есімдерімен аталатын ауылдар мен көшелер бар. Жеті әулие байыз тапқан «Оқшы ата» мазараты жайлы айтқанда ел аузындағы әңгімелерді сөз етпей кете алмайсың.

Өткен ғасырдың басында теміржол салынғанда жұрт адам айтса нанғысыз мы-надай оқиғаға куә болған-ды. Белгіленген карта бойынша шойын жол тура мазараттың ортасымен өтуі керек екен. Солай жасамақ болған  құрылысшылар күнімен тасты төсеп, рельстерді бекітіпті.Алайда, таңертең келіп қараса, рельстер бұзылып, жасаған жұмыстары зая кетеді.Оқиға бірнеше мәрте қайталанады.Жер-гілікті тұрғындар  келіп құрылысшыларға бұл орынның киелі жер екенін, онда қасиетті адамдар жерленгенін айтады.Алғашында нанбаған құрылысшылар түні-мен аңдуға көшеді.Сөйтсе түннің төрттен бір бөлігінде алып бұқа келіп, рельс-терді мүйізімен іліп, оңды-солды лақтырыпты. Осыдан кейін барып, картаны өз-гертіп, шойын жолды мазараттың сыртымен айналдарып өткізіпті.

     Әңгімеге арқау болған киелілер мекені «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жо-лының бойында орналасқан.Сол тұсқа жеткенде жүргізушілер жылдамдығын азайтып, әруақтарға құраннан дұға бағыштайды.Бұл мазаратта «Есабыз ата» ме-шіті орналасқан. Ас беріп, зиярат етушілер мен тәу етіп, түнеушілерге арналып ғимарат соғылған.басында мешіт имамы мен шырақшысы бар.Мұнда жерленген адамдардың өмірлері уақыт өткен сайын аңызға айналып барады. Олар туралы көптеген кітаптар шығарылды.Жүздеген мақалалар жарық көрді. Мұның барлы-ғы қай заманда болса да жеті әулиеге халықтың құрметі ерекше деген сөз.   

     Оқшы ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш.Шиелі ауданына қарасты 20 разъезде, Жөлек ауылынан 7 шақырым жердегі темір жол торабында орналас-қан.Күмбезі, құрылысы жағынан Қарасопы, Асан ата мазарларына ұқсас, бірақ көлемі шағындау.Соңғы жылдары қайта жөндеуден өткен.Мазарға жерленген кісінің шын аты – Ибраһим шайхы, лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата – кейін ел қойған есімі.Ә.Қоңыратбаевтың көрсетуінше, Оқшы ата – қару, оқ жасаған оғыз батыры.кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы  ІХ-Х ғасырлардан бастау алып, белгі ХV – ХVІ ғасырларда салынса керек. Ал Оқшы ата күмбезіне қатысты аңыз-әпсаналар түрлі заман (оғыз, қалмақ) оқиғаларын қамтиды.Архитектуралық жәдігер туралы мәліметтер В.Каллаур, И.Кастанье, А.Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. еңбектерінде сақталған. 

     

"Қазақстанның киелі жердерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру мақсатында  Қызылорда медициналық жоғары колледжі оқушылары оқытушы Махамбетова Айнұр апайларының жетекшілігімен Сығанақ қаласы орнында.

 

 

Қызылорда облысындағы ірі тарихи нысандардың бірі – Сығанақ қа-ласының орны. Талай ғасырды бастан өткеріп, мемлекетке астана, елге пана, қоғамға рухани орталық болған Сығанақ шахары орта ғасырдағы Орта Азиядағы ықпалды мемлекеттердің астанасы болған. Атап айтқанда, Қыпшақ хандығы, Ақ Орда, Қазақ хандығы тәрізді мемлекеттерге мұрагерлік жолмен астана бо-лып келді.Ежелгі түрікше атауы «қамал, қорған» деген мағынаны беретін Сы-ғанақ қаласы XI ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған. Сунақ (Сығанақ) – ортағасырлық қала орны Қызылорда облысы, Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан. Қаланы 1867 жылы П.И.Лерх,

1906-07 жылдары И.А.Кастанье, 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археология-лық экспедициясы (жетекші А.Н.Берн-штам) зерттеген. Қала туралы алғашқы дерек Х ғасырдағы Парсы шығармасы «Худуд  әл-Әлемде» кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын ал-ған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты «Қыпшақ даласының гаваны» деп атаған. Шыңғыс хан шапқыншылығығы болып, онда теңге соғылған. ХV ғасырдың 80 жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал маңы қазақ тайпаларының қысқы қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола қазақ хандығына қарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. ХV –ХVІІІ ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды.ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады.Осы шапқыншылықтар және басқа да әртүрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1801 жылғы «Сібірдің сызба кітабында» да Қазақстанның Сырдария ала-бындағы қалалардың бірі деп көр-сетілген.Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұ-рышты төбе.Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Археоло-гиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген.

  Сығанақ қаласы ХІ ғасырдың екінші жартысында қыпшақтардың Сыр бойына келуіне байланысты олардың орталық қаласына айналды. Егер осы кезбен есеп-тесек, қаланың қазақ елінің астанасы болғанына 1000 жылдан асты деп айтуға болады.

     Қазақ хандығының әлемге әйгілі бола бастағандығын Сығанақ қаласынан шыққан теңгелердің археологиялық зерттеу кезінде дүние жүзінің төрт бұ-рышынан табылғанын көреміз. Ә.Марғұлан атындағы Археология институты-ның аға ғылыми қызметкері Р.Бурнашеваның зерттеуіне қарағанда, ХІV ғасыр-дың соңғы кезіндегі Сығанақтан шығарылған күміс және мыс теңгелер Сырда-рия мен Еділ бойындағы қалалардан табылған. Отырар қаласына жүргізіліп жат-қан қазба зерттеу жұмысы кезінде Сығанақтың теңгеханасынан 1371-1372 жылдары шыққан 12 дана теңге табылған. Мұндай теңгелер Еділдің орта ағысындағы және Ка-ма бойындағы қалалардан (1380-1400 жылдарға тән теңгелер) да табылған. Ал Қазан уезі Сосновка ауылының жанындағы №197 қой-мадан Сығанақта 1375-1376 жыл-дары жасалған күміс теңгелер та-былған Алтын Орданың астанасы Сарай қаласына 1996-2000 жылдары жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының кезінде табылған теңгелердің ішінде Сығанақта шығарылған күміс теңгелер шыққан. Бірақ, жазуын оқу мүмкін болмаған. Мұндай дәлелдерді көптеп келтіруге болады. Теңгелердің әр жердегі қалалардан табылуы Сығанақ қаласының дүниенің төрт бұрышымен сауда қарым-қатынасын үзбей жүргізіп отырғанын байқатады.

Енді аталған құндылықтарымызды туризм тармағына түсіріп, келер буынға келелі нәрсе қалдыруды көздейтін сала мамандары «Рухани жаңғы-руымыздың» бет-бейнесін жаңартатынына сеніміміз мол. 

     

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER