Басты бет » Колледж қызметтері

Колледждің спорттық өмірі


Колледждегі дене тәрбиесі кабинеті өз жұмысын Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы №378 және 2013 жылғы 28 тамыздағы №492 бұйрықтарымен бекітілген Қазақстан Республикасының орта техникалық және кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті медициналық білім беру стандарттары негізінде және «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудыұң  2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығын басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

 

Ауданы 24х12 метрді құрайтын  жабық спорт залы қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Күрделі жөндеуден өткізілген  спорт залы, оқушылардың шешінетін орны, оқытушылар бөлмесі, 2 шомылатын бөлме (душ) іске қосылған. Жазғы 1 волейбол, 1-баскетбол, 1-гандбол, футбол алаңдары, 200 метрлік 2 қатарлы жүгіру жолы бар.  Жазғы спорт  алаңдарында стандартка сай шынығуға арналған спорт снарядтары орналастырылған. Оқушылар спортсекцияларында  денешынықтырумен жыл бойы тұрақты  айналысады.   Колледжде  волейбол, баскетбол,  кіші  футбол,  жеңіл атлетика,  столдағы  теннис,  тоғызқұмалақ,   шахмат  спорттық  үйірмелері жұмыс жасайды.

          Оқушылар арасында топ аралық, бөлімше аралық күзгі спартакиада өткізілді. Оған оқушылардың 50 пайызынан астамы қатысты.

 

 

Колледжде студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 10 спорттық үйірме жұмыс жасады. Үйірме жұмыстарына 40% оқушы тартылған.

Үйірме жұмыстарының нәтижесінде колледждің 38 студенті және колледждің спорттық  командалары  түрлі деңгейде өткізілген спорттық жарыстарда жеңімпаз атанды. 

Колледж оқытушылары- М.Т. Жахан, Д.А.Орақбаев, А.Б. Исмайлов облыс деңгейіндегі  «Үздік жаттықтырушы» номинацияларын жеңіп алды.

 

Облыстық СПИД, Салауатты өмір салтын қалыптастыру, Жастар  орталықтарымен бірлесіп   түрлі тақырыптық акциялар, флешмобтар, дөңгелек столдар, кездесулер, конференциялар ұйымдастырылды.

       

1)Қыркүйек айының басында дене шынықтыру пәні кабинетімен көпшілік спорт жұмыстарының жоспары жасалынып бекітілді.Сонымен қатар сабақ беретін  барлық топтарға оқу бағдарламасы , күнтізбелік тақырыптық жоспар жасалынып бекітілді.Үйірме жұмыстарына да бағдарламалар дайындалды. Бекітілген жоспарлар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Атап айтсақ:

2)Қыркүйек қазан айларында бүкіл денешынықтыру пәнін өтетін топтардан күзгі кросс (қыздар 1000 м,ұлдар 3000 м) жүгіруден ұйымдастырылып өткізілді.Күзгі кросс-жүгіру жарысына 1500 оқушылар тартылды.

3)Қараша айында Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырылуымен ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылдығына орай «Кроссфит» спорт түрлеріне колледж командасы қатыстырылып жақсы нәтиже көрсете білді.Кроссфитке колледж оқушылары белсене араласты.

4)Облыстық білім басқармасы «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» өткізген «Ұлы дала ел-тәуелсіздігінің 25 негізі» жоспарына сәйкес «Ұлт саулығы» тақырыбындағы кіші футболдан оқу орындары арасындағы жарысты жүлделі 3-орыннан колледж командасы көріне білді.Оқутышы Орақбаев Д. «Үздік жаттықтырушы» номинациясын жеңіп алды.

5) Желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесіне арналған қыздар арасында волейбол ойынына орта арнайы білім беретін колледждер арасында, колледж әкімшілігі және дене шынықтыру пәні кабинеті оқытушыларының ұйымдастырыумен жарыс өткізілді.Жарыс тартысты,қызықты өтті.Жарысқа 10 команда қатысты.1-орынды колледж командасы жеңіп алды.

6) «Аймақтық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «шағын футбол», «шахмат», «волейбол», «стол теннисі» спорт түрлерінен оқытушылар арасында жартастар өткізілді.Мүмкіншілігімізге қарай кейбір спорт түрлеріне оқутышылар қатыстырылды.

7)Ақпан айында Агро колледж спорттық кешенінде «Аймақтық денешынықтыру орталығының»  ұйымдастырумен өткізілген «Отан қорғаушы-2017» жарысында колледж командасы 2-орынды жеңіп алды.

8) Сәуір айында Қызылорда ОІІД мен облыстық білім басқармасы ұйымдастырылған «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен өткізілген спорттық эстафеталық жарысқа және топтық флешмоб сайысына колледж оқушылары белсене араласты спорттық жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.

 9) «Аймақтық дене тәрбиесі орталығы» сәуір айында «кіші футболдан» техникалық және кәсіптік білім беру орындары арасында жарыс ұйымдастырынын өткізілуі сол жарыста колледж құрама командасы 4 орын алды.Осы ойын қорытындысы бойынша Яхия Қанат деген оқушы үздік ойыншы атанды.

10)Ұлы жеңістің 72 жыл толуына арналған облыстық білім басқармасының ауыспалы кубогы үшін арнаулы орта білім беру кәсіптік техникалық колледждер және мектеп оқущылары арасында облыстық жеңіл атлетикалық аралас эстафета жарысы ұйымдастырылып өткізілді.Сол жарыста колледж құрама командасы жүлделі 2 орын алды.

11)Облыстық білім басқармасы «Аймақтық дене тәрбесі орталығы» ұйымдастырылған столдағы теннистен оқу орындары арасында облыстық жарыс өткізілді.Колледж командасы жақсы өнер көрсетті.

12)Сәуір-мамыр айларында 2-курс 2 сынып 3-курс 3 сынып негізінде дәстүрлі Президенттік сынама тапсыру қабылдау науқаны жүргізілді.Денсаулығы жарамды барлық оқушылар түгел қатыстырылды.

14)Мамыр-маусым айларында Дәстүрлі медицина қызметкерлерінің 51-ші спартакиадасы Облысымыздың медицина ардагері Б.А. Атабаевтың 80 жылдық мерей тойына арнап  спорттың 11 түрінен  жарыстар өткізілді.Спорттық жарыстар біздің колледждің спорттық базасында өтті. Емдеу мекемелерінен 22 команда жарысқа қатысты. Колледждің спорттық құрама командасы белсене араласты.Спорттық жарыстарды барлық түрлерінен колледждің дене шынықтыру пәні оқытушылары төрешілік етті.Спартакиада өте қызықты,әрі  тартысты өтті.Спорттың тоғыз құмалақ, кіші футбол, баскетбол ойындарынан колледждің құрама командасы жеңімпаз жүлдегер атанды.Жалпы есептік спартакиадасының қорытындысы бойынша Қызылорда Медициналық жоғары колледжінің командасы жүлделі 3-ші орынды иеленді.

 15) Колледжде оқу жылының басынан бастап,баскетбол,волейбол,кіші футбол,столдағы теннис,тоғызқұмалақ,шахмат,дойбы ұлттық ойындардан асық ату,ләңгі тебу және жеңіл атлетика үйірмелері жұмыс жасады.Бұл үйірмелерге 350 оқушы тартылды.Үйірмеге тартылған барлық оқушылардың 43% құрады.Үйірме жұмыстары әкімшілік тарапынан қадағаланып отырды.Үйірмеге ұлдар және қыздар болып екі топқа бөлінді.Үйірме жұмысының арқасында оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға,салауатты өмір салтың қалыптастыруға ықпақ жасады және облыстық,қалалық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуге ықпал етті.

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER