Басты бет » Колледж қызметтері

Колледж жатаханасы


Жарылқасынұлы Абай

Жатахана тәрбиешісі

 

Колледж жатақханасы 300 орынға арналған. Қажет еткен оқушылар жатақханамен толық қамтамасыз етіледі. Жатақханада 4 демалыс бөлмесі, әр қабатта 2 тұрмыстық бөлме, үтіктейтін, кір жуып – жаятын бөлмелері бар. Шомылатын бөлме (душ) 1-ші қабатта орналасқан. Жатақхананың тұрмыстық бөлмелерінде  24 жаңа үлгідегі электрлік плиталар бар.

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жатақханасы бойынша  2016-2017 оқу жылына  арналған  тәрбие  жоспары  бекітілді. Жатақханаға бала  қабылдау  Мемлекеттік  коммуналдық  қазыналық  кәсіпорын  мемлекеттік  қызмет көрсету  регламенті бойынша   орындалады.

 

2016- 2017 оқу жылы

Қыркүйек

қаңтар

300оқушы

288 оқушы

 

 Жаңа оқу жылының басында 300 оқушы қабылданды, оның 92-сы 1 курс  оқушылары. Тұл  жетім- 4, Жартылай жетім – 14,  басқа ұлт өкілдері - 2.Көп балалы-48.Ата-анасы мүгедек-4.Өзі мүгедек-0.Басқа облыстан келгендер-2.

Жыл басындағы жоспар бойынша және жоспардан тыс  түрлі  іс-шаралар, кездесулер мен  сайыстар, өткізілді. Тәртіптік кеңес құрамының жоспарын даярлау, студенттер кеңестөрайымын, құрам мүшелерін қайта сайлау  жиналысы болып өтті.Студенттер  арасында  өзін- өзі басқару  органы  жүзеге асып отыр.Белсенді студенттердің арасынан әр қабатқа  жауапты  старосталары сайланды. Жатақхана бойынша 2016-2017оқу жылына бекітілген жоспарға сәйкес атқарылған  іс-шаралар тізімі: Мерекелік іс-шара саны -58

 

 

 

       2017 оқу жылында ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуіріндегі № 200 бұйрығымен бекітілген       «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартына сүйене отырып,  қабылдау комиссия мүшелері арқылы жатақханаға студенттер қабылданады.

Оқшылардың  жатақханадағы орналасу  мәліметі төмендегідей :

 

2018-2019 оқу жылы

қыркүйек

қаңтар

316  оқушы

297 оқушы

 

Жатақханада барлығы 79  бөлме бар.  Жатақханаға осы жылы 316 студент қабылданды. Онда студенттерге мынадай жағдайлар жасалған:

Әр қабатта тамақ әзірлеуге арналған тұрмыстық бөлмелер;

Жуынатын бөлмелер;

Демалыс орны (студенттердің бос уақытына арналған) ;

Заман талабына сай теледидар;

Медециналық пункт;

Оқу залы;

Жуынатын орын (душ)

Төсек орындарын жуып,ауыстыруға арналған бөлме;

 

       Жатақханада 2018 оқу жылында  барлығы 316  студент құжат тапсырды. Соның  ішінде 19 студент өз арыздары бойынша жатақханадан шығып, 4  бала тәртіптік кеңеске түсіп, кеңес шешіміне байланысты жатақханадан шығарылды.

 

Оның ішінде:

1 курс -100

2 курс – 111

3 курс – 75

4 курс - 4

Жатақханаға қабылданған студенттердің әлеуметтік жағдайы:

Тұл жетім: 4

Жартылай жетім -41

Өзге ұлт өкілдері – 3 (1 шешен, 2 орыс)

Бюджетте оқитын студент саны – 167

Ақылы негізде оқитын - 121

Жұмыстың мақсаты:

  1.Жатақхана тұрғындарының өзін-өзі басқару жұмысын арттыру,  интелектуалдық жетістіктерін көрсетілуіне мүмкіндік жасау, қоғамға қажетті дағдылары қалыптасқан, саяси мәдениетті,

рух – жігері шыңдалған әлеуметтік жағынан белсенді, ұлтжанды,     салауатты тұлға    қалыптастыру.

  2.Жатақханада әлеуметтік – психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

  3.Оқушы жастардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтық сана сезімді, төзімділікті, мәдениеттілікті, жеке бастың мәдени-гигиенасына дағдыландыру, мәдени-эстетикалық талғамын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды арттыру.

 

 

2018 оқу жылындағы   жатақхана тәрбиешісінің алған  жетістігі:

Қызылода медицина жоғары колледжінің 90 жылдығына байланысты  құрмет грамотасымен  марапатталды:

Сағындықова Индира

 

 

Жатақхананың жұмыс бағыттары:

1.Жастардың саяси-құқықтық мәдениетін көрсету,бос уақыттарын тиімді пайдалануға ұмтылдыру:

1) 04.09.2018ж «Жатақхана жиналысы» болып өтті. Күтілетін нәтижесі: тұрғындарды жатақхана ережесімен таныстыру. Қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалануға жанашырлық көзқарас қалыптастыру, тәртіп ережелерді сақтауды қамтамасыз ету.

2) 5.09.2018 Студенттер кеңес төрайымын, құрам мүшелерін қайта сайлау, атқаратын міндеттерін белгілеу туралы жиналыс болып өтті.

3) 08.09.2018ж «Тәртіпті тізгіндейік..» атты іс-шара болып өтті.  Яғни, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағыты бойынша колледж инспекторымен  кездесу.

4) 17.09.2018ж «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты пікірталас болып өтті.

5) 20.09.2018 ж  «Тазалық – саулық негізі» атты  тәрбие сағаты өткізілді.Қоғамда белең алып отырған түрлі аурулардың алдын алу үшін колледж медбикесімен сұхбат . Жеке бас гигиенасы, түрлі жұқпалы аурулар жайында әңгіме болды.

6) 30.09.2018ж «Қыркүйек айының қорытынды жиналысы» өткізілді. Қорытынды есеп бойынша бір ай көлемінде атқарылған жұмыстарды жүйелеп, мониторинг жасалды.

7) 01.10.2018ж  Студенттер арасында «Отбасын құруға дайынбыз ба?» атты пікірталас болып өтті.

8)  4.10 .2018«Ұстаз - ұлы тұлға » атты мерекелік іс-шара аталып өтті.

9)  5.10.2018ж «Мен өмірді өзгеше сүйемін» тақырыбында жатақхана студенттері мен жатақхана психологі арасында кездесу кеші болып өтті.

10) 18.10.2018ж Жатақхана тұрғындарының қабат аралық арасында өткізілген баскетболдан спорттық сайыс болып өтті.

11) 19.10.2018ж  Жатақхана студенттері арасында өткізілген психологиялық тренинг            

11) 22.10.2018ж Жатақханадағы «Мейіргер ісі» 8 топ студенті Тотанов Хамза, «Емдеу ісі» 43 топ студенттері Жұмағазиев Нұркен мен Пірманов Қанаттың және «Емдеу ісі» 46 топ студенті Ерназар Эльдардың ішкі тәртіп жөнінде өткізілген жиналыс.

12) 24.10.2018ж Қызылорда облысы өрт сөндіру қызметі

13) 30.10.2018ж «Қазан айының қорытынды жиналысы» өткізілді. Қорытынды есеп бойынша бір ай көлемінде атқарылған жұмыстарды жүйелеп, мониторинг жасалды.

14) 01.11.2018ж Жатақхана студенттерінің арасында өткізілген «Алтын күз» мерекелік кеші

15) 05.11.2018ж Жатақхана студенттерінің облыстық жастар денсаулық орталығы ұйымдастырған «Жасөспірім қыздардағы ерте жүктіліктің алдын-алу» және «Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын-алу» атты мамандармен кездесу өтті.

16)09.11.2018ж Тәрбиеге байланысты «Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты» тәрбие сағаты болып өтті. 

17) 26.11.2018ж  Студенттердің жатақханадағы жастар арасындағы  облыстық жастар денсаулығы және тері венерология диспансері ұйымдастырған трениг.

18)30.11.2018ж  Жатақхана студенттерімен өткізілген еліміздің тұңғыш президент күніне арналған іс-шара.

19) 30.11.2018ж «Қараша айының қорытынды жиналысы» өткізілді. Қорытынды есеп бойынша бір ай көлемінде атқарылған жұмыстарды жүйелеп, мониторинг жасалды.

20) 12.12.2018ж Жатақхана студенттерімен  тәуелсіздік күніне байланысты мерекелік іс-шара болып өтті.

21)21.12.2018ж Жатақхана студенттері арасында қыз бала тәрбиесіне, жеке бас гигиенасына байланысты тәрбие сағаты өткізілді.

22) 26.12.2018ж  Медицина колледж жатақханасы студенттері арасында өткізілген «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара.

23) 31.12.2018ж «Желтоқсан айының қорытынды жиналысы» өткізілді. Қорытынды есеп бойынша бір ай көлемінде атқарылған жұмыстарды жүйелеп, мониторинг жасалды.

24) 07.01.2019ж жатақхана студенттері арасында өткізілген «Шын жүйрікті анықта...» атты эстафеталық ойын болып өтті.

25) 08.01.2019ж Әр түрлі діндер арасындағы қарым-қатынастар мен діни экстримизмге қарсы күрес тақырыбында кездесу болып өтті.

26) 10.01.2019ж Жатақхана студенттер арасында өткізілген «Бауырсақ FEST»  атты тәрбиелік іс-шара болып өтті.

27) 28.01.2019ж  Жатақхана студенттері арасында ішкі тәтіп жөнінде жиналыс болып өтті.

28) 31.01. 2019ж Жатақхана студенттері арасында «Жастар ел болашағы» атты тәрбие сағаты. Кітапхана меңгерушісімен кездесу.

29)04.02.2019ж Жатақхана студенттері арасында жастар денсаулық орталығының психолог маманымен тренинг өтті.

30) 05.02.2019ж Жатақхана студенттері арасында өткізілге валлейболдан қабат аралық жарыс болып өтті.

31) 06.02.2019ж Жатақхана студенттері арасында колледж ішінде құқық бұзушылықтың алдын алу,тәртіпті,тазалықты сақтау, зиянды әрекеттерден аулақ болу жөнінде колледж  инспекторымен өткізілген іс шара.

32) 09.02.2019ж  Жатақхана студенттері арасында өткізілген «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты колледж үйірмесі жетекшісі Ешниязова Жарқын апаймен  кездесу болып өтті.

33)12.02.2019ж Жатақхана студенттері және ауған соғысы ардагерлері арасында кездесу өтті.

          

Өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру; (Жатақхана студенттер кеңесі)  Жатақхана тәрбиешілерінің басшылығымен студенттер кеңесінің мүшелері мен төрайымы белгіленіп сайланады. Жатақхана студенттер кеңесі төрайымы барлық студенттердің құқығын қорғайды және  барлық мәдени, тәртіптік жұмыстардың жүйелі жүруін ұйымдастырады,жатақхана тұрғындарының тәртібін бақылап, топ жетекшілері, бөлім және ата-анамен байланыс жасайды. Әр қабатта қабат старостасы және 2 тазалықшыдан болады.Сонымен қатар жалпы жатақханадағы бөлме тазалығына тұрақты түрде рейд жасап тұратын тазалықшылар басшысы, мәдениет секторы, төсек жабдықтарына жауапты тазалықшы 7 күн сайын төсек жабдықтарының ауыстырылуын тексереді,кезекшіліктерді реттеуші белсенді ерікті студенттер өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарады. Егерде тапсырманы дұрыс орындамаған жағдайда, тәрбиешілер қосымша жұмыс жүргізіп, тапсырмалар береді. Бұл студенттер жалпы жатақхана студенттерінің 20%-ын құрайды.Студенттер курсы жоғарылаған уақытта өз жұмыстарын келесі төменгі курс студентіне үйретіп, өз орнына тағайындайды.

 

Жатақхана тәрбиешілері:                                                                               А.Жарылқасынұлы

                                                                                                                                 И.Сағындықова

                                                                                                                                 Б.Кулумбетова  

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру»

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER