Басты бет » Колледж қызметтері

Колледж кітапханасы


 

Раманкулова Айнур Есенжоловна

Кітапхана меңгерушісі

 

 

Джаксаликова Баян  Хасановна

Кітапханашы

 

 

Жанаева Феруза Қуантқанқызы

кітапханашы

 

 

Қызылорда медицина жоғары колледжі кітапханасының тарихы.

 

Қызылорда медицина колледжі республикамыздың ең байырғы орта арнаулы оқу орындарының бірі. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында медициналық қызмет көрсететін кәсіби кадрлар даярлаудың бастауында тұрған, сол кездегі Қазақ АССР Денсаулық сақтау халық коммисариатының 1928 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен алғаш қазақтың өлкелік медициналық акушерлік техникумы болып ашылған. Техникумға республиканың түкпір-түкпірінен 30 қыз, ал дайындық бөліміне ауылдық білімі бар 60 оқушы қабылданған. Оқу базасы әскери горннизонының ат қорасына орналасады.

 

Оның алғашқы директорларының бірі қазақ тілін жетік меңгерген Просковья Ивановна Добронравова 1939 жылға дейін қызмет атқарды.

 

1933 жылы техникумның алғаш түлектері – 41 акушер Ақтөбе, Орал, Алматы, Қызылорда облыстарының шалғай жерлеріне жіберіледі. Осы жылы техникум «фельдшерлік акушерлік мектеп» аталынып оқушылар саны 190 болса, 1940 жылы 320-ға көбейеді.

 

1954 жылы бұл оқу орны медицина училищесі болып, 1996 жылы 14 маусымдағы №282 бұйрығымен медициналық колледж болып қайта құрылды.

 

Колледж 8  мамандық бойынша мамандар даярлайды: емдеу ісі; мейірбике ісі; стоматология; фармация; гигиена және эпидемиология; зертханалық диагностика; медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

 

Колледж кітапханасы осы оқу орны ашылған жылдан бастап оқытушылар мен оқушыларға қызмет көрсете бастады.

 

Ашылған жылдары небәрі 400 ге жуық кітап қоры болса, қазіргі кезде 86102 дананы құрайды. Соның ішінде оқулық саны 39767, медициналық әдебиеттер 28992, Электронды оқулық 910.

 

Кітапхана жыл сайын 1940-ден астам оқырмандарға қызмет көрсетеді, оның ішінде 1785 студенттер мен 180 оқытушылар мен қызметкерлер.

 

Қазіргі уақытта студенттер қашықтықтан оқитындықтан, pdf форматындағы барлық оқулықтардың электронды нұсқалары okulyk.kz сайтынан жүктелген және оқытушылар мен студенттер арасында таратылған. Арнайы пәндер бойынша 290 оқулық сканерден өткізіліп, smart   nation.kz.сайтында орналастырылды.

 

Оқу қоры колледж бөлімшелерінің жазбаша өтінімі бойынша қалыптастырылады. Ғылыми басылымдар, анықтамалық әдебиеттер, мерзімді және жалғасатын басылымдар оқырман қажеттіліктері мен сұраныстары ескеріле отырып сатып алынады.

 

Компьютерлік технологияларға негізделген жаңа ақпараттық ортаны қалыптастыру қазіргі заманғы кітапхананың келбеті мен функцияларын өзгертті.  Кітапханада электронды каталог КАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды.

 

Бүгінгі таңда кітапхананың негізгі міндеті:

 

   •Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және кітапхана-ақпараттық процестерді компьютерлендіру негізінде кітапхана ұсынатын қызметтерді жетілдіру

 

  •оқу-тәрбие процесін ақпараттық-құжаттамалық қолдауды және студенттер мен оқытушылардың өздігінен білім алуын қамтамасыз ету;

 

Осыған байланысты кітапхана қорын қалыптастыру колледж бейініне, білім беру, кәсіптік бағдарламаларға және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі.

 

Кітапхана кітапханалар қорын жасақтауға қойылатын қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, қажетті кітаппен қамтамасыз етуге қол жеткізу және оқу-әдістемелік әдебиеттер қорын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді.

 

Соңғы жылдары жинақталған дәстүрлі емес ақпарат жеткізгіштердегі қор колледж кітапханасында жинақтау, сақтау және ең бастысы ақпараттық және әдістемелік ресурстарды тарату құралдары ретінде электрондық оқу залын құруды талап етті.

 

Жаңа үлгідегі кітапхана - бұл бүгінде виртуалды кітапхана.

 

Бүгінде айтарлықтай қашықтықта ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін телекоммуникациялық жүйелер белсенді түрде енгізілуде. Телекоммуникациялық жүйелерге ең алдымен ғаламдық Интернет желісі жатады. Тақырыптық тұрғыдан студенттер Интернет ресурстарына жүгінетін ақпараттар сан алуан. Ақпарат неғұрлым жиі және түбегейлі өзгеретін салалардың ресурстары неғұрлым қажет. Интернет бүгінде библиографиялық қызметтің айырықша құралына айналды.

 

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER