
Студенттерге
Құрметті Қызылорда медициналық жоғары колледжі студенті!
Анықтамалық-жолсілтеме – білім алушыларға арналған және колледждің ішкі тәртібінің ережелері, білім беру үдерісінің ұйымдастыру және рәсімдік нормалары туралы жүйеленген қысқаша ақпараттардан тұратын ақпараттық көздің бір түрі. Сіз бұл анықтамалықтан өз құқықтарыңыз мен міндеттемелеріңіз, колледж студентінің тек колледжді оқу барысы кезіндегі ғана емес, сонымен қатар күнделіктегі өмір және одан тыс жерлердегі тәртіп ережелері туралы ақпараттарды таба аласыз. Анықтамалық-жолсілтемеден Сіз колледждің жастар және спорттық ұйымдары туралы ақпараттарды таба аласыз; сондай-ақ колледжде оқыту барысында, оның ішінде әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша туындайтын сұрақтарға да жауап ала аласыз.
Бірінші курс студенттері 1 қыркүйекте «Білім күні» колледж және өзінің мамандығы жайындағы ең алғашқы ақпаратпен танысады. Одан ары қарай Сізге колледж студентінің анықтамалық-жолсілтемесі қол ұшын береді. Өтініш (жатақханадан орын алу, аралық аттестаттау мен мерзімінен бұрын тапсыруға рұқсат, оқу үшін төленетін ақынының мерзімін ұзарту және т.б.) үлгілері Сіздің бөлім меңгерушіңізде бар. Өзіңіздің тобыңыз бен жеке мәселеңіз бойынша туындайтын барлық сұрақтарды Сіз топ басшы, топ жетекшісі, бөлім меңгерушісі арқылы шешуге тиістісіз.
Олар көмек көрсете алмаған жағдайда, Сіз директордың оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларына өз өтінішіңізбен жүгіне аласыз. Директордың орынбасары өз құзыреттілігі шеңберінде Сізге мәселені шешуге қол ұшын береді. Сіз жүгіне алатын колледждің ең соңғы сатысы – Қызылорда медициналық жоғары ғолледжі директоры. Директордың жеке мәселелер бойынша қабылдауы – сәрсенбі, жұма; сағ. 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Қазақстан Республикасы
инд. 120001 Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі 18 үй.
E-mail: kzmedicalcollege@mail.ru
Банк реквизиттері: КМҚК «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» Қызылорда қ. Жахаева көшесі 18 БИН 990140000969 Кбе 16 Банк АО «Cбербанк» KZ80914152203KZ000BA БИК SABKZKA
Сабақ уақытысы: 1. 830-915 2. 1015-1100 3. 1230-1315 4. 1415-1500 5. 1600-1645 920-1005 1105-1150 1320-1405 1505-1550 1650-1735
Құрметті, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті! Сіз, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті атандыңыз. Адам өміріне араша болатын жауапкершілігі мол, мамандықты игеруде Сіз әрбір жасаған сәтсіз қадамдарыңыз үшін жауап бересіз. Сондықтан да біз сізге колледж қабырғасында өзіңізді қалай ұстауға кеңестер береміз. Ішкі тәртіп ережелері:
Құжаттар: Студент екеніңізді дәлелдеу үшін мына құжаттар қолыңда болуы тиіс:
Бұл құжаттар міндетті түрде күнделікті жаныңызда болуы керек. Оқу ғимараттарына, кітапханаға кіргенде тексеріледі. Сынақ кітапшасы – бұл сіздің негізгі құжатыңыз. Мұнда сессия қортындысы бойынша тапсырылған сынақтар мен емтихандар бағасы, оқу-өндірістік практика –бағасы т.б. жазылады. Құжатыңыз жоғалған жағдайда оқу бөліміне хабарлау қажет!
Сессия Оқу жылы екі семестрге бөлінеді: қысқы және жазғы. 1) Оқу жоспарының кестесі әр оқу ғимаратының бірінші қабатында фойеде ілінген. Кестеде оқу, сессия, демалыс, оқу-өндірістік практика, мемлекеттік қорытынды аттестация мерзімдері көрсетілген. 2) Семестр соңында сіз барлық пәндерден сынақтарды, емтихандарды тапсыруыңыз қажет. Семестрлер арасында демалыс беріледі. 3) Семестр ішінде сіз оқу жоспарына сәйкес барлық тапсырмаларды орындауыңыз қажет. Дифференциалды сынаққа, емтиханға - «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағалары, сынаққа-сынақ деп қойылады. Пән бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған студент оқу бөлімінің шешімімен академиялық қарызды қайта тапсыруға жіберіледі. Қайта тапсыру оқу бөлімінің жолдамасы бойынша жүргізіледі. Егер студент қайта тапсыру кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алса, оқу бөлімі бір рет қайта тапсыруға рұқсат береді, қайта тапсыруды комиссия қабылдайды. 3 пән бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдай, студенттің колледжден шығарылуына негіз болып табылады. Кітапхана: Құрметті 1 курс студенті! Сіз колледж студенті атандыңыз. Біздің колледжге өзіңіз таңдаған мамандығыңызды игеру үшін келдіңіз. Internet арқылы алынған ақпараттарыңыз жеткіліксіз болған жағдайда колледж кітапханасының көмегіне жүгініңіз. Кітапхана сіздің дайындалуыңызға қажетті ақпараттық база болып табылады. Мұнда сіз әртүрлі оқулықтармен, монографиялармен, әдістемелік нұсқаулармен танысасыз. Кітапханадан кітап алу үшін студенттік билетіңіз қажет. Семестр аяқталған соң барлық өтілген пәндер бойынша оқулықтарыңызды қайтадан тапсырасыз. Ал келесі семестрге қажетті оқулықтарды қайтадан тіркетесіз. Егерде оқулықты жоғалтып алған жағдайда, сіз кітапхананың көмегін алу құқығынан айрыласыз, сондай-ақ басқа студенттердің осындай мүмкіндігіне кедергі жасайсыз. Сізден алған оқулықтарыңызды жоғалтып алмай, уақытында тапсыруыңызды өтініп сұраймыз. Оқулықты жоғалтып немесе уақытында тапсырмай, кітапхананың сізге басқа шаралар (экономикалық) қолдануына жол бермеңіз!
Топ жетекшісі (куратор) және студенттік топ: Әр топтың студенттеріне көмек көрсету үшін топ жетекшісі бекітіледі. Ол пән оқытушысымен және үлгерім бойынша туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі. Оқу және оқудан тыс шығармашылық сұрақтарымен әрқашанда топ жетекшісіне сенім арта аласыз. Топ жетекшісі Сізге колледж өміріне бейімделуге, ұжыммен етене араласуға көмектеседі. Ол Сізді Қызылорда медициналық жоғары колледжіннің жарғысымен, студенттің міндеттерімен, ережесімен және ішкі тәртібімен таныстырады. Куратор топтың жақсы оқитын, белсенділерін сайлауға топқа ұсыныс жасайды. Топ старостасы тікелей топ жетекшісіне бағынады және оның тапсырмаларын орындайды. Топтың жалпы жиналысында топ старостасының 3 көмекшісін (топша старосталары), оқу мәдениет секторын, спорт секторын, тазалық секторын сайлайды. Олар барлық іс шараларды ұйымдастыруға өткізуге жауапты.
Студент міндеттері: Орта кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша директордың бұйрығымен белгілі тәртіппен колледжге қабылданған азамат - «Студент» атанады. Студенттер міндетті:
Колледж бөлмелерінде тыйым салынады:
Студент назарына:
Оқудан шығуға бұйрық беруге негіз болатын жағдайлар:
Шәкіртақы (стипендия) Енді жақсы жаңалыққа келетін болсақ! «Үздік» және «жақсы» оқитын студенттерге (бюджеттік негізде оқитын) мемлекет тарапынан шәкіртақы (стипендия) беріледі. Шәкіртақы (стипендия) сессия қорытындысы бойынша тағайындалады:
Әлеуметтік-психологиялық көмек: Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге ІІІ оқу ғимаратының 1 қабатында орналасқан психолог, әлеуметтік педагог мамандар әлеуметтік-психологиялық көмек және қолдау көрсетеді. Құрметті студент, колледжде бірқатар әлеуметтік көмектер қарастырылған. Егер Сіз ақылы топта оқитын болсаңыз төмендегідей жеңілдіктерге ие боласыз: Сессияны үздік бітірген студенттер оқу ақысын 10% жеңілдікпен төлеу немесе бюджеттік топтардағы ваканттық орынға конкурстық негізде ауысу.
Құқықтық көмек: «Студенттік құқықтық кеңес беру» қызметінің көмегі қажет болған жағдайда колледж заңгері мен студенттік кәсіподақ комитеті төрайымынан кеңес алуларыңызға болады. Колледж заңгерінің кабинеті І оқу ғимараты 2-қабатында орналасқан. Жатақхана: Колледжде 300 орынға арналған жайлы жатақхана бар. Жатақханада студенттер өміріне қажетті жағдай жасалған:
Бөлмелер үлгілік нормаларға сәйкес жиһазбен жасақталған. Жыл сайын студенттер бөлмелеріне төсек алды тумба, аралас шкафтар, үстелдер, кереуеттер, орындықтар сатып алынады. Жатақхананың демалыс және өзіндік дайындық бөлмелері эстетикалық безендірілген. Онда теледидар және музыкалық орталықтар орналастырылған. Жатақхана қажет болған жағдайда топ жетекшісіне ескертіңіз.
Студенттік жастар комитеті:
Бүгінгі күні студенттер білім алумен шектелмей, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Бұл – тұлға болып қалыптасудың алғашқы баспалдағы. Сізді колледждің қоғамдық өмірімен тығыз байланысуыңызға көмектесетін, бағыт-бағдар беретін колледждің студенттік жастар комитеті. Студенттік жастар комитеті – жастар саясаты саласында қызмет ететін,колледж студенттерінің шығармашылық және қоғамдық өмірін ұйымдастыратын қоғамдық ұйым. Комитеттің қызметі оқу үдерісіне ықпал етуге, түрлі шараларды, және де колледждің студент жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Студенттік жастар комитеті колледждегі «Денсаулық сақшылары» КТК, дебат клубы, «Жас Отан» жастар қанаты филиалы, «Жасыл ел» еңбек жасағы филиалы т.б. ұйымдардың жұмысын үйлестіреді.
ТІЛЕК Құрметті студент! Қызылорда медициналық жоғары колледжінде алған білімің болашақ жұмысың мен мансабыңда көмектеседі. Бірақ сен де өзіңнің Alma-mater беделін қолда! Уақытыңды босқа жіберме, білім ал. Жоғары санатты, бәсекеге қабілетті маман болып шығу үшін колледждің ғылыми және қоғамдық өміріне көп және белсенді қатысу қажет. Бұл қиын да қызық та жол! Сәттілік!
Сабақ кестесі 2017-2018 жж. - 1 жарты жылдық
2017-2018 жж. - 2 жарты жылдық Емдеу ісі 1
Емдеу ісі 2 Мейірбике ісі 1 Мейірбике ісі 2 |

