Басты бет » Колледж туралы

WorldSkills Kazakhstan


«WorldSkills Kazakhstan»

«Медициналық және әлеуметтік күтім»

құзыреттілігі бойынша ұлттық чемпионаты

WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі.

WorldSkills International (WSI) - халықаралық коммерциялық емес бірлестік, оның мақсаты бүкіл әлемдегі кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, бүкіл әлем бойынша халықаралық конкурстар арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету. WSI өз миссиясын жұмысшы мамандықтарға аударуға және жоғары кәсіби стандарттарды дамытуға жағдай жасауға шақырады. Оның негізгі қызметі –жұмысша мамандықтар үшін әр түрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.

1950 жылы Испанияда Мадрит қаласында Жұмысшы Мамандықтардың бірінші Чемпионаты өткізілді. WorldSkills,   яғни,   аудармасы   «Әлемдік   бағыт»   деген   мағынаны   білдіретін   осынау   жарыс әлемнің 75 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Қазіргі таңда қауымдастық құрамына 75 мемлекет кірсе, Қазақстан соның 2014 жылы енген 70­ші қатысушы­мемлекеті болып табылады.

WorldSkills   Қазақстан   миссиясы   ­   халықаралық   стандарттар   негізінде   техникалық мамандықтар   бойынша   жоғары   технологиялық   өндіріс   салаларын   кадрлармен  қамтамасыз   етуді қалыпқа   келтіру,   кәсіби   бағдар   механизмдерін   қосып,   кадрларды   дайындау,   сараптамалық қауымдастықтар қалыптастыру және өнімділігін арттыру. WorldSkills Kazakhstan жобасының мәні – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру. Ол еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инновациялық дамуына қосар үлесі зор. Бұл жоба жас   мамандардың   кәсіби   дағдылары   мен   құзыреттіліктерін   көрсетуге   мүмкіндік   беретін   үлкен бағыт. Қазақстандағы медицина  маамандары  арасында WorldSkills республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 2019 жылдан бері өтіп келеді.

Ал Елордада«WorldSkills Kazakhstan»«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша медицина мамандары арасында республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты 2020 жылы енгізілді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов чемпионаттың ел экономикасы үшін маңызы зор екенін атап өтті. «Бұл еліміз үшін өте маңызды іс-шара. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласына өте үлкен көңіл бөледі. Қабылдауы кезінде Мемлекет басшысы техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде WorldSkills қозғалысын дамыту мәселесін де көтерді. WorldSkills мамандығын білім бағдарламаларына енгізу мәселесі – біздің алдымызда тұрған басты мақсат», деді министр.

2020 жылы 24 қыркүйекте  Қызылорда медициналық жоғары колледжі базасында Қызылорда облысының білім басқармасы мен Оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakhstan 2020» ұлттық чемпионатының Республикалық кезеңіне қатысушыны анықтау мақсатында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионат санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып өткізілді. Байқауды Қызылорда облысының білім басқармасының Оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ТжКБ бөлім басшысы Дурманов Бағдәулет Дербісәліұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Чемпионатқа 3 медициналық колледжден 5 студент қатысты. Чемпионатта студенттер 6 модуль бойынша сайысқа түсті. Яғни:

Модуль А.Медициналық ұйымда (стационарда/хосписте)  дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын жасау.

Модуль В.Медициналық ұйымда(стационарда) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын жасау.

Модуль С.Медициналық ұйымда (күндізгі стационарда) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшән мейіргерлік іс-шаралар жоспарын құру.

Модуль D.Медициналық ұйымда (күндізгі стационарда) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын құру.

Модуль F.Үйде дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру

Модуль E.Үйде дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру

Чемпионатты 18 сарапшы бағалады.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша І орынды Орынбасар Перизат Орынбасарқызы - Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті, ІІ орынды Маратова Салтанат Маратовна – Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті, ІІІ орынды - Абдигалиева Мереке Жұмағұлқызы Өркениет медициналық жоғары колледжінің студенті иеленді.Және де номинациялармен Нұрымбетова Алтынай МуратқызыБолашақ медициналық  колледжінің студенті,Кульжанова Салтанат СабитовнаӨркениет медициналық жоғары колледжінің студентері марапатталды.

Ал 2021 жылы 12  мамыр күні Қызылорда медициналық жоғары колледжі базасында Қызылорда облысының білім басқармасы мен Оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakhstan 2021» ұлттық чемпионатының Республикалық кезеңіне қатысушыны анықтау мақсатында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионат санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып өткізілді. Байқауды Қызылорда облысының білім басқармасының Оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ТжКБ бөлім басшысы Дурманов Бағдәулет Дербісәліұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Чемпионатқа 3 медициналық колледжден 6 студент қатысты. Чемпионатта студенттер 4 модуль бойынша сайысқа түсті. Яғни:

Модуль А: Медициналық ұйымда (стационар) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар;

Модуль Б: Медициналық ұйым (күндізгі стационарда) жағдайында пациентті дәлелді күтіммен оқытуды жүзеге асыру

Модуль С: Дәлелді күтімді жүзеге асыру, пациентті үйде оқыту

Модуль Д: Мейіргерлік күтім орталығы жағдайында пациентті дәлелді күтіммен оқытуды жүзеге асыру

Чемпионатты 13 сарапшы бағалады.

Чемпионаттың нәтижесі бойынша І орынды Абайқызы Аружан Абайқызы- Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенті, ІІ орынды Букенбаева Мерей Букенбаева – Өркениет медициналық жоғары колледжінің студенті, ІІІ орынды Умирбекова Жансая Қайратқызы-Болашақ медициналық  колледжінің студенті иеленді.

 

Модуль А.Медициналық ұйымда (стационарда/хосписте)  дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын жасау

 

 

Модуль В.Медициналық ұйымда(стационарда) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын жасау

 

 

 Модуль С.Медициналық ұйымда (күндізгі стационарда) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшән мейіргерлік іс-шаралар жоспарын құру

 

   Модуль D.Медициналық ұйымда (күндізгі стационарда) дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін мейіргерлік іс-шаралар жоспарын құру

 

 

 Модуль F.Үйде дәлелді көмек көрсетуді жүзеге асыру

  

 

  Модуль E Үйдедәлелдікөмеккөрсетудіжүзегеасыру

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER