Басты бет » Мамандықтар

Акушерлік ісі


 

СТУДЕНТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕМЕСІ

 

 

«Акушерлік іс»мамандығы, "Акушер(ка)" біліктіліктілігі.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны - орта медициналық қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша республиканың жетекші оқу орындарының бірі

Қазақ АССР–і Денсаулық Сақтау Комиссариатының  1928 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен «Қазақ акушерлік техникумы» деген атпен ашылған. 1933 жылы алғашқы түлектер, 41 акушер техникумды аяқтап шықты.  Сол жылы акушерлік-техникалық училище «фельдшерлік-акушерлік мектеп» болып өзгертіліп, студенттер саны 190 оқушыға жетті.

ҚазССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1954 жылғы бұйрығымен «Қызылорда медициналық училищесі» болып аталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 282 бұйрығымен Қызылорда медицина колледжі болып қайта құрылды.

Колледждің негізгі мақсаты: облысымызға білімді, өнерлі, бәсекеге қабілетті орта буын медицина кадрларын дайындау. 2008 жылдың мамыр айында колледж мемлекеттік аттестациядан өтті. Колледжде «Акушер» біліктілігі бойынша 101 оқытушы қызмет атқарады, оның ішінде 88 штаттық, 13 штаттан тыс оқытушы. :

Педагог – зерттеушілер – 4

Педагог-сарапшылар – 2

Педагог- модераторлар – 10

Академиялық доцент – 1

Магистр - 16

Жоғары санатты - 29

Бірінші санатты - 13

Екінші санатты – 12

«Денсаулық сақтау үздігі» - 16

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»- 2

ҚР БҒМ «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі -1

 

09130200 - "Акушерлік  іс" мамандығы бойынша түлектерге 4S09130201 «Акушер» біліктілігі беріледі. «Акушер» біліктілігі

Түлектердің кәсіби қызмет орындары төмендегілер болып табылады:  
    - түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық сақтау қызметін басқару органдары;  
   - халықтың, ана мен баланың денсаулығын қорғау ұйымдары (жанұяны жоспарлау қызметі, «Неке және жанұя» кеңестері, медициналық-генетикалық кеңестер);  
   - әртүрлі меншікті емдеу-профилактикалық мекемелері: стационарлар, емханалар, амбулаториялар, аудандық ауруханалар, ауылдық дәрігерлік ауруханалар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, профилакториялар мен сауықтыру орындары;  
   - медициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу мекемелері;  
   - білім беру мекемелері (колледждер, жоғары оқу орындары);  
   - медициналық сақтандыру және әлеуметтік қызмет сала қызметтері.  
         

Маман келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:  
   - емдеу; - босануға көмектесу;  
   - профилактикалық;  
   - санитарлық-профилактикалық;  
   - жанұяны жоспарлау бойынша кеңестер;  
   - салауатты өмір салтын үгіттеуді жүргізу;  
   - дәрігерге дейінгі жәрдем көрсете білу.  
          

Күндізгі оқу түрінде оқу мерзімі орта жалпы білім негізінде 2 жыл 10 айды құрайды. 

«Акушерлік іс» мамандығы  «Акушер(ка)»  біліктілігі білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау  түлектердің жұмыс орнына келуін талдау мониторингімен көрсетілгендей, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Білікті оқытушылар құрамы, тәжірибелі басқару құрамы және оқытушылар құрамындағы әлеуметтік-психологиялық ахуал өзін-өзі тексеруге арналған кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша мамандардың сапалы дайындығын қамтамасыз етеді.

Колледж әкімшілігі материалдық-техникалық базаны жаңарту және ақпараттық және компьютерлік технологияларды білім беру бағдарламасына енгізу бойынша мақсатты іс-шаралар жүргізеді.

 

«Акушерлік іс» мамандығы бойынша білім алушылар контингенті 2020-2021 оқу жылы

Группа

Курс

Оқу жылы басында білім алушы саны

Оқудан шыққан білім алушы

Оқу жылы соңындағы білім алушы саны

Қаладан

Елді мекеннен

Жартылай жетім

Мүгедектер

 

Бюджеттік

негізде

Көп балалы отбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін бітірушіге «акушер (ка)» біліктілігін бере отырып, орта деңгейлі маманның дипломы беріледі.

Біліктілік атауы

Орыс тілінде

Мемлекеттік тілде

Ағылшын тілінде

1

4S09130201 «Акушер(ка)»

Акушер

Obstetrician

 

Бағдарламаны меңгерудің стандартты мерзімі:

Образовательная база приема

Наименование квалификации, код

Нормативный срок освоения образовательной учебной программы по уровням квалификации

Жалпы орта білім негізінде

4S09130201 «Акушер(ка)»

2 жыл 10 ай