Басты бет » Мамандықтар

Емдеу ісі


 

СТУДЕНТІНІҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ-ЖОЛСІЛТЕМЕСІ

 

 

«Емдеу ісі» бөлімі

Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» мамандығы «Фельдшер»  біліктілігі бойынша мамандарды даярлау 1928 жылдан бастап жүзеге асырылады.

«Емдеу ісі» мамандығына 108 штаттық оқытушы, оның ішінде 1 академиялық доцент, 18 магистр білім береді.

Бөлімше ФАП-та, дәрігерлік амбулаторияларда, перзентханаларда, әйелдер консультацияларында, гинекологиялық бөлімшелерде, жедел жәрдемде, стационарлар мен емханаларда, медициналық орталықтарда және басқа да медициналық ұйымдарда жұмыс істеу үшін орта буын мамандарын дайындайды.

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі №647 бұйрығына сәйкес жүргізіледі және «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК миссиясына, көзқарасы мен мақсаттарына сәйкес келеді.

Мамандық түлегінің функционалдық міндеттері:

- стационар, емхана, дәрігерлік амбулатория (да), фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП), БМСК орталықтары жағдайларында әртүрлі жастағы пациенттерге емдеу-диагностикалық, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қатысу.

- жіті аурулар мен жазатайым оқиғалар кезінде пациенттің жай-күйін бағалау және дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;

- медициналық ұйымдарда санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді сақтау;

- эпидемияның төтенше жағдайларында, жаппай  эпидемиялық жағдайда халыққа медициналық көмек көрсету;

- жаңа ақпараттық технологияларды, құралдарды қолдану әдістерін қолдану, ақпаратты беру және сақтау;

- пациентті оңалтуға қатысу және әлеуметтік қорғау органдарымен және мейірімділік қызметтерімен бірлесіп интернат-үйлерге, жалғызілікті, қарттарды, мүгедектерді және созылмалы науқастарды хоспистерге көмек ұйымдастыруға және орналастыруға қатысу;

- пациенттермен және олардың отбасыларымен ынтымақтастық, пациенттің құқықтарын сақтау және әртүрлі жас топтарындағы халықтың денсаулығын нығайту және қолдау бойынша шаралар жүргізу;

- пациенттің денсаулығы үшін қауіп факторлары (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т. б.) және олардың денсаулыққа әсерін азайту мәселелері бойынша халыққа кеңес беру;

- пациентті және оның отбасын әртүрлі жас кезеңдерінде денсаулықты сақтау мәселелеріне үйрету, күтім;

- ерте жастағы балаларды тамақтандыру (бала емізу, қосымша тамақтандыру), психоәлеуметтік даму, шынығу, балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектепке дайындау, кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша консультациялар жүзеге асыру;

- әртүрлі жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуы, иммунопрофилактика, диспансерлік бақылау мәселелері бойынша консультациялар жүргізу;

- заманауи зерттеу әдістерін пайдалана отырып, диагностика мен дифференциалды диагностиканы жүзеге асыру, сондай-ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу мен алдын алу;

- алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында нормативтік медициналық құжаттаманы ресімдеу;

- әріптестермен өзара әрекеттесу және ынтымақтастық;

- аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Білім беру процесіне оқытудың заманауи әдістері мен ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде.

Студенттерді өндірістік практикаға жіберер алдында  кәсіби даярлығына бақылау жүргізіледі.