Басты бет » Колледж қызметтері

Колледждің қоғамдық өмірі


Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубы

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің Өмір ағашы” қолөнер клубы

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Шашбаулым» қыздар клубы

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясының

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының өткізген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясының алғы сөзімен колледж директоры С.С.Тасмағанбетова ашып берді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының картасы» атты  баяндамалар байқауы

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының ұйымдастыруымен  «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының картасы» атты  колледж студенттері арасында баяндамалар байқауы болып өтті. Баяндама байқауының мақсаты –  “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие қалыптастыру.

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының картасы» атты баяндамалар байқауына қатысушылар жемқорлыққа қарсы күресудің жолдарын өз баяндамаларында көрсете білген. Байқау қорытындылары бойынша мына студенттер жеңімпаз атанып «дипломдар» мен «алғыс хаттармен» марапатталды: І орын Е-204 Берікбай Ұлбосын. ІІ орын А-101 Молдахмет Ақнұр. ІІІ орын М-102 топ Керуенбек Мерей, Алғыс хатпен марапатталғандар: Е-201 топ Айдарбек Азиза, Е-101 топ Мырзабек Сания.

 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің«SANALY URPAQ» клубының

«Жемқорлықпен қалай күресеміз» атты дебат

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының ұйымдастыруымен  «Жемқорлықпен қалай күресеміз» атты тақырыпта колледж студенттерінің дебат болып өтті. Дебаттың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жүргізуді қалыртастыру, өз көзқарасын білдіріп дүниетанымын кеңейту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау, адал жолмен жүруге және әділдікке тәрбиелеу.

«Жемқорлықпен қалай күресеміз» атты дебатқа қатысушылар жемқорлыққа қарсы күресудің жолдары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің«SANALY URPAQ» клубының

«Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты дөңгелек үстел

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының ұйымдастыруымен  «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» атты тақырыпта колледж студенттері арасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – колледж студенттері ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру.

Тақырыпқа байланысты презентация мен видероликтер көрсетілді. Дөңгелек үстелдің қонағы, құқық пәнінің оқытушысы Ж.Қындыбаева студенттерге өзінің жұмысы туралы айтып және де оларды қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап берді.Тәуелсіз Қазақстан - демократиялық даму жолын қалаған, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет болып құрылды. Құқықтық мемлекеттің ең басты белгісі – Заң бәрінен де жоғары тұр. Мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің барлығы да заң арқылы реттеліп, барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттейді. Мемлекеттің және оның барлық органдарының, лауазымды тұлғалардың заң ережелерін қатаң түрде, бұлжытпай орындап отыруы – құқықтық мемлекет қалыптасуының ерекше маңызды шарты болып табылады. Құқықтық мемлекет - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғауды басты мақсат етіп қойған мемлекет. Бұл жерде адам және оның құқығы, өмірі мен оның еркіндігі басты құндылық деп табылады.

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің«SANALY URPAQ» клубы

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №11-3/6602 хатына сәкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау және парасаттылық идеологияны қалыптастыру мақсатында мемлекеттік және орыс тілдерінде арнайы бейнероликтер колледждің бас оқу ғимараты фойесында орналасқан теледидардан көрсетіліп, флаерлар колледждің үш оқу ғимаратына ілінді.

 

 

17 наурыз - «Тарихқа тағзым күні» «Мейіргер ісі» бөлімі, 3 топ студенттері эдвайзері Қындыбаева Жанна Раушанбекқызымен бірге облыстық мұражайға барды. Мұражай қызметкері Оспанқұлов Нұрлан ағай экскурсия жасап, студенттерді мұражаймен таныстырып шықты.

 

 

 

9 сәуір күні «Мейіргер ісі» бөлімі, 3 топ студенттері эдвайзері Қындыбаева Жанна Раушанбекқызымен бірге облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында болған «Ауылдан келген ару» атты спектакльге барды.

 

 

Қасиетті рамазан айында 19 сәуір күні «Мейіргер ісі» бөлімі, 3 топ студенттері эдвайзері Қындыбаева Жанна Раушанбекқызымен бірге көше тазалаушы ағай, апайларға құрма мен маскалар таратып, үлкен кісілердің баталарын алып қайтты.

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру тәсілдерін жетілдіру және оларды іске асыру мақсатында жүргізілгенпсихологиялық треннинг

 «SANALY URPAQ» клубы колледж психологымен бірлесе отырып жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру тәсілдерін жетілдіру және оларды іске асыру мақсатында психологиялық треннинг болып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптасыру тәсілдерін жетілдіру және оларды іске асыру мақсатында психологиялық треннинг колледждің І курс студенттері арасында жүргізілді. Психологиялық тренингті колледж психологы Ж.Әшімова өткізді.

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлық барлық саланы жайлаған уақытта онымен күресу толассыз жүруге тиіс. Әсіресе өскелең жастардың оған төзбеушілік санасын, мәдениетін қалыптастыру қоғамның тұтас міндеті. Осы мақсатта колледждің І курс студенттері арасында  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бүгінгі күн талабы" атты сауалнама алынды.  Нәтижесінде, оффлайн форматта өткен сауалнамаға қатысқан 100 ден астам студент жастарымыздың пікірі қоғамдағы осы бір жайсыз құбылысқа жиіркенішпен қарайтыны, онымен күресуді міндетім деп санайтыны бізді қуантады

 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің«SANALY URPAQ» клубының

«Біздің таңдауымыз – парасыз болашақ» атты сурет байқауы

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының ұйымдастыруымен  «Біздің таңдауымыз – парасыз болашақ» атты тақырыпта колледж студенттері арасында сурет байқауы болып өтті. Сурет байқауының мақсаты – жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастарды ілеуметтік мәселелерді шешуге тарту,соның ішінде шығармашылық тұрғыдан дамыту.

«Біздің таңдауымыз-парасыз болашақ» атты сурет байқауына қатысушылар жемқорлыққа қарсы күресудің жолдарын плакатқа салды. Байқау қорытындылары бойынша мына студенттер жеңімпаз атанып «дипломдар» мен «алғыс хаттармен» марапатталды: І орын Е-347 топ Майкелдиева Ж, Е-101топ Сарсекбай Б. ІІ орын С-201 Шәкірова Д, М-101 Хамитов А. ІІІ орын Е-104 топ Алпамысова Ж, С-201 Шәкірова Д. Алғыс хатпен марапатталғандар: М-102 топ Есдаулетова Т, М-101 топ Қанағат М, М-201 топ Мұханбетияр Ә.

 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің«SANALY URPAQ» клубының 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясының алғы сөзімен колледж директоры С.С.Тасмағанбетова ашып берді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке    бірлесе қарсы тұруымыз керек. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» акциясының барысында колледждің «SANALY URPAQ» клубының мүшелері «Қате диагноз» және «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты көріністерін қойды. Сонымен бірге мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдаудағы адамдардың санын арттыруға бағытталған «Флеш-моб» ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің«SANALY URPAQ» клубының

«Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы айтарым» атты үздік эссе байқау

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «SANALY URPAQ» клубының ұйымдастыруымен  «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы айтарым» атты тақырыпта колледж студенттерінің үздік эссе байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, сақтау және нығайту, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару. Байқау комиссиясының төрайымы болып облыстық оқу орталығынң кәсіптік білім бөлімінің әдіскері, адалдық алаңының мүшесі Бексейтова Жанат Мнажқызы қатысты. Үздік эссе байқауына колледждің барлық оқу топтарынан 1209 студент қатысып, соның ішінде 12 студенттің жұмысы үздік деп танылып дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

 

 

 

«Мейіргер ісі» бөлімі, І курс 3 топ.

 2021 жылдың 19 наурыз күні «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ –сі Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында «Тұғырлы Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында офлайн суретшілер байқауын өткізген болатын. Осы байқауға белсенді қатысқандары үшін топ студенттері: Ахан Бибібәтима мен Рүстемова Іңкәр «Алғыс» пен марапатталды. Жетекшісі: Қындыбаева Жанна Раушанбековна.

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER