Басты бет » Колледж туралы

Колледж туралы ақпарат


 «Антикор» жобасы аясындағы бейнеролик

 «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы аясындағы бейнеролик

 

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда медициналық жоғары колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қазақ АССР–і Денсаулық Сақтау Комиссариатының  1928 жылғы 15 тамыздағы бұйрығымен «Қазақ акушерлік техникумы» деген атпен ашылған. ҚазССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1954 жылғы бұйрығымен «Қызылорда медициналық училищесі» болып аталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 282 бұйрығымен Қызылорда медицина колледжі болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Білім, Мәдениет және Денсаулық Сақтау Министрлігінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығы бойынша Қызылорда облысы әкімінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 882 «Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тізімін бекіту» туралы шешіміне сәйкес, Облыстық Денсаулық Сақтау басқармасының 1999 жылғы 22 қаңтардағы «Облыстық Денсаулық Сақтау мекемелеріне тіркеу және қайта тіркеу» туралы № 32 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысының Юстиция басқармасында 1999 жылдың 25 қаңтарында № 3102 -1933 тіркеу номері бойынша Қызылорда медицина колледжі  мемлекеттік қазыналық мекеме болып тіркелді. Қызылорда облысы әкімдігінің 4 тамыз 2016 жылғы №544 қаулысы негізінде «Қызылорда медициналық жоғары колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”    ҚР 2001 ж.23.01 Заңына және “Мемлекеттік мүлік туралы” ҚР 2011 1.03 Заңына сәйкес Қызылорда облысы әкімдігінің 25.05.2018 №1122 қаулысы негізіндеҚызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының  “Қызылорда медициналық жоғары колледжі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны“Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының  “Қызылорда медициналық жоғары колледжі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

2019 жылғы 19 сәуір  №KZ70LAA00015916 Қазахстан Республикасы Білім және ғылым   министрлігінің Білім және Ғылым саласындағы  бақылау комитеті Қызылорда облысының білім саласындағы  бақылау департаменті техникалық және кәсіптік білім беру қызметімен айналысуға шектеусіз мерзімге берілген Мемлекеттік лизензиясы және 2019 жылғы 19 сәуірде берілген №007, 008, 009 нөмірлі  Мемлекеттік лицензияға қосымшалар  негізінде колледж:

09110100 Стоматология (3W09110101 Стоматологиялық гигиенашы, 4S09110102 Дантист, 4S09110103Стоматолог-дәрігердің көмекшісі);

09110200 Ортопедиялық стоматология (4S09110201 Тіс технигі);

09120100 Емдеу ісі (4S09120101 Фельдшер); 

09130100 Мейіргер ісі (3W09130101 Күту ісінің кіші мейіргері, 3W09130102 Массажист, 4S09130103 Жалпы практикадағы мейіргер);

09130200 Акушерлік іс (4S09130201 Акушер);

09140100 Лабораториялық диагностика (4S09140101 Медициналық зертханашы);

09160100 Фармация (4S09160101 Фармацевт);

09880100 Гигиена және эпидемиология (4S09880101 Гигиенист-эпидемиолог);

09130100 Мейіргер ісі (5AB09130101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры) мамандықтары бойынша орта арнаулы және орта білімнен кейінгі білімді медицина мамандарын дайындайды.