Басты бет

Енгізілді: 03.10.2019Қаралғаны: 5 рет
"Ұстазым-ұлағатым, қарттарым-асыл қазынам"

 

 

 

   Қызылорда медициналық жоғары колледж ұжымы, ұстаздарға төл мерекесі мен қарттар күніне арналған "Ұстазым-ұлағатым, қарттарым-асыл қазынам", атты салтанатты жиын өтті. Колледжімізде бірнеше жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан қарт ардагерлеріміз құрметті қонағымыз болды.

   90 жылдық тарихы бар колледжіміз жан-жақты жетістігімізбен алда келеді. Ұлағатты ұстаздық жолындағы ең үлкен марапат иесі колледж директоры С.С.Тасмағанбетова Ы.Алтынсарин атындағы омырауға тағатын белгісімен, ардагер-дәрігер ұстаз Р.Ә.Көзденова "Қызылорда қаласының құрметті азаматы" төсбелгісімен, оқыту мен тәрбиені қатар алып кәсіби білім беруге өз үлесін қосып жүрген ұстаздарымыз ҚР Білім және Ғылым министрлігінің "Құрмет" грамотасымен Ж.С.Сүлейменова, "Алғыс хатпен" А.А.Сейтова, колледж диреткорының "Құрмет грамотасымен" А.Б.Исмайлова, Л.Н.Сайм, С.Б.Жұмағұлова марапатталады.

   Марапаттарыңыз құтты болсын!

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER