Басты бет

Енгізілді: 06.10.2019Қаралғаны: 64 рет
"Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры"

 

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжі 90 жыл тарихы бар облыстағы іргелі оқу орындарының алды. Бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлауда Республикадағы үздік бестікке еніп отыр. Соңғы жылдардағы медицина және білім саласындағы жүріп жатқан реформаларға сай Еуропалық стандарт талаптарына сай "Мейіргер ісі" мамандығы "Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры" біліктілігімен жұмыс жасап жатқан Мейіргерлерді дайындауда жолға қойылуда. Колледж директоры Тасмаганбетова Салтанат Сейтқалиқызының іскер басшылығының арқасында аудандық медициналық емдеу алдын-алу мекемелерінің Мейіргерлерін оқыту да басталып кетті. Мейіргерлер жұмыстарынан қол үзбей білім алады. Бакалавр мамандарын дайындайтын бөлімнің жауапты маманы ретінде Л.Т.Байғабылова және бөлім меңгерушісі Жундабекова С.С, бағдарламашы Балтабаева Г Шиелі аудандық ауруханасында болып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Қызылорда медициналық жоғары колледжі оқытушыларының іссапары Жалағаш  Қармақшы және Қазалы аудандарында жалғасты. Іссапар мақсаты Аудандық емдеу алдын-алу мекеме мейіргерлерінің қолданбалы бакалавриат бөліміндегі оқу бағдарламасымен, ерекшеліктерімен таныстырып, сабақ жүргізу болатын. Бір қуантқаны, жас болмаса да тәжірибелі мейіргерлердің білім алуға деген құштарлығы, еңбекқорлығы. Жұмысымызды білім алушыларды жұмыс оқу жоспарымен таныстырудан бастап, негізгі базалық БІЛІМДІ де тексеріп өттік.Алда барлық аудандарда жүргізілетін жұмыс жоспары тұр. Яғни, Мейіргер ретінде өз біліміңізді тереңдетіп, кәсіби маман ретінде бәсекеге қабілетті болам, жеке Тұлға ретінде өзгерем десеңіздер келесі жылы Колледжге оқуға келіңіздер. Біз БІЛІМДІ ҰСТАЗДАРЫМЫЗБЕН мақтана аламыз. Сонымен қатар, әріптестерімді ҰСТАЗДАР күнімен құттықтап, АБЫРОЙ, КҮШ ҚУАТ, ТАБЫС тілегіміз келеді.

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER