Басты бет

Енгізілді: 29.11.2019Қаралғаны: 47 рет
Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары

«Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ болып өтті. «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты ашық сабақтың ашылуында колледж директоры С.С.Тасмаганбетова сөз алып 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, Елбасының атқарған қызметі мен ел тарихындағы Елбасының қосқан зор үлесін атап өтті. Ашық сабақ барысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы және азаматтық қалыптасу кезеңдері», «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық-сяси қызметінің басталуы және Елбасының көреген ішкі саясаттағы қызметі», «Н.Ә.Назарбаев әлемдік деңгейдегі саясаткер» атты тақырыптарда баяндамалар жасалды. Колледж студенттері Алтынбек Тоғжан «Елбасына арнау», Берлібеков Бақдәулет «Елі сүйген-Елбасы», Нығметуллаева Райхан «Ел тірегі-Елбасы» атты өз шығармашылықтарынан Елбасы құрметіне өлең жолдарын арнады.

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER