Басты бет

Енгізілді: 03.08.2020Қаралғаны: 264 рет
Жоғары оқу орнын бітіріп келген, медициналық білімі жоқ талапкерлер үшін!

 

 

Жоғары оқу орнын бітіріп келген, медициналық білімі жоқ талапкерлер үшін!

Құрметті талапкер!

Қызылорда медициналық жоғары колледжі 2020-2021 оқу жылынаталапкерлерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру  бағдарламаларын іске асыратын Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығын басшылыққа алады.

         Жалпыорта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар медициналық  мамандық профиліне сәйкес емес  түсуші тұлғалар үшін,білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы  талапкердің білім туралы құжаттағы  төрт пән бойынша (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы)  және мамандық  бейіні бойынша екі пән (биология, химия)  сәйкес орташа  баллы бойынша өткізіледі.

Оқуға түсушілер үшін Орташа конкурстық балл Білім туралы құжаттың бағалар мен балдарынан қалыптастырылады.

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар медициналық  мамандық профиліне сәйкес  түсуші тұлғалар үшін мамандық профиліне сәйкес білімі туралы құжаттың (диплом)  орта балы есепке алынады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар медициналық мамандыққа профилі   сәйкес  емес түсушілер үшін  - мамандық  бейіні  екі пән (биология, химия) бойынша  және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, эссе жазу түрінде арнайы конкурс  өткізіледі.

Эссе тақырыбы, эссені жазуға  қойылатын талаптар және бағалау критерилері білім беру ұйымдарымен анықталады.

         Талапкерлердің орташа конкурстық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының  8 тарауының 26 статьясында  қарастырылған  қабылдау квотасына сәйкес  ескеріледі.

 

Түсуші талапкерлерден  қабылдау емтиханының (эссе жазудың)

 ШАРТЫ

 

 Бұл шарттағы  қабылдау емтиханын  жүргізуді ұйымдастыру ережелері 2020-2021 оқу жылына медицина колледжіне қабылдау ережелерін толықтырады және ол қабылдау емтиханын  жүргізу құжаты болып табылады.

І. Эссе тапсырмаларын дайындау және сақтау

Эссе тапсырмалары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен дайындалған. Эссе тапсырмалары қабылдау комиссиясы мүшелерінің рұқсатымен  қатаң түрде әр талапкердің  электронды поштасына  жіберіледі. Ол үшін алдын ала талапкерге  жеке жеке логин және пароль жіберіледі.

 

ІІ. Эссе тапсырмаларының  мазмұны мен көлемі

және балл берудің принциптері

 

Талапкерлерден қабылдау емтиханы (эссе жазу) түрінде өткізіледі.

         Эссе жазуға  2 сағат 15 минут беріледі.

Осы уақыт ішінде талапкер:

  1. Статьяны оқып шығады;
  2. Тапсырманы қысқаша мазмұндайды;
  3. Өзекті мәселелерді анықтайды;
  4. Өзекті мәселеге әр түрлі көзқараста сипаттама береді;
  5. Негізделген қорытынды жасайды.

Емтихан кезінде берілген  уақыт аралығында   компьютерден шығып кетуге рұқсат етілмейді. Емтихан басталуы және аяқталу  уақыты талапкерге  ескертіліп айтылады. Емтиханға берілген уақыт  аяқталған кезде компьютер автоматты  түрде  жабылады.

Емтихан аяқталған соң талапкердің  эссе жазған парағы  қағаз түрінде шығарылып, тексеріледі.

Тізімде емтиханға қатыспаған талапкерлердің фамилиясының тұсына қатыспағаны жайлы белгі  қойылады.

        

ІІІ. Емтихан аяқталғаннан кейінгі жұмыс

 

Саналып алынған эссе тапсырмалары  қабылдау емтиханының төрайымына тексеру үшін тапсырылады.

         Талапкерлердің эссе тапсырмалары  бағалау критерийлеріне  сәйкес 5 балдық жүйе бойынша бағаланып,бағалау парағына толтырылады.

Тексеру біткен соң, эссе тапсырмаларының қорытынды кестесі 2 данада дайындалады, бір данасы директорға тапсырылады, екінші дана қабылдау емтиханының хабарландыру тақтасына ілінеді  және колледж сайтында жарияланады.

Бірінші дананы негізге ала отырып, қабылдау комиссиясы талапкердің медициналық колледжге қабылданғаны жайлы шешім шығарады.

 

                                                               Қабылдау комиссиясы

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER