Басты бет

Енгізілді: 03.08.2020Қаралғаны: 435 рет
Қолданбалы бакалавр жеделдетілген бөлім бойынша түсушілер. 1.5

 

 

Қолданбалы бакалавр жеделдетілген бөлім бойынша түсушілер. 1.5

Құрметті талапкер!

 

 

Қызылорда медициналық жоғары колледжі 2020-2021 оқу жылына қолданбалы бакалавриаттың жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерді   республикалық бюджет және жергілікті  мемлекеттік тапсырыс  және  төлем ақылы негізде  оқуға  қабылдайды.

1. Қолданбалы бакалавриаттың жеделдетілген білім беру бағдарламасыбойынша оқу мерзімі - 1,5 жыл, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Қолданбалы бакалавр» біліктілігі тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі қосымшасымен бірге диплом  (транскрипт) беріледі. Оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Оқыту түрі – күндізгі.

2.Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар  медициналық мамандыққа профилі   сәйкес  түсушілер үшін   ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, эссе жазу түрінде арнайы конкурс  өткізіледі. Эссе тақырыбы, эссені жазуға  қойылатын талаптар және бағалау критерилері білім беру ұйымдарымен анықталады.

 

 Талапкерлерді оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру  бағдарламаларын іске асыратын Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығын басшылыққа алады.

 

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың жеделдетілген білім беру бағдарламасы бойынша

түсуші талапкерлерді қабылдау емтиханының (эссе жазу)

 ШАРТЫ

 

 Талапкерлерден қабылдау емтиханы (эссе жазу) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 18 шілде 2016 жылғы №626 «Барлық деңгейдегі мейіргер ісі мамандарын Еуропалық директиваға сәйкес даярлаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес жасалған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа ала отырып жүргізіледі.

 Бұл шарттағы  қабылдау емтиханын  жүргізуді ұйымдастыру ережелері 2020-2021 оқу жылына медицина колледжіне қабылдау ережелерін толықтырады және ол қабылдау емтиханын  жүргізу құжаты болып табылады.

 

І. Эссе тапсырмаларын дайындау және сақтау

Эссе тапсырмалары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен дайындалған. Эссе тапсырмаларықабылдау комиссиясы мүшелерінің рұқсатымен  қатаң түрде әр талапкердің  электронды поштасына  жіберіледі. Ол үшін алдын ала талапкерге  жеке жеке логин және пароль жіберіледі.

 

ІІ. Эссе тапсырмаларының  мазмұны мен көлемі

және балл берудің принциптері

 

Талапкерлерден қабылдау емтиханы (эссе жазу) «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 18 шілде 2016 жылғы №626 «Барлық деңгейдегі мейіргер ісі мамандарын Еуропалық директиваға сәйкес даярлаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы негізінде жасалған әдістемелік ұсыныстарға сәйкес эссе жазу түрінде өткізіледі.

         Эссе жазуға  2 сағат 15 минут беріледі.

Осы уақыт ішінде талапкер:

  1. Статьяны оқып шығады;
  2. Тапсырманы қысқаша мазмұндайды;
  3. Өзекті мәселелерді анықтайды;
  4. Өзекті мәселеге әр түрлі көзқараста сипаттама береді;
  5. Негізделген қорытынды жасайды.

Емтихан кезінде берілген  уақыт аралығында   компьютерден шығып кетуге рұқсат етілмейді. Емтихан басталуы және аяқталу  уақыты талапкерге  ескертіліп айтылады. Емтиханға берілген уақыт  аяқталған кезде компьютер автоматты  түрде  жабылады.

Емтихан аяқталған соң талапкердің  эссе жазған парағы  қағаз түрінде шығарылып, тексеріледі.

Тізімде емтиханға қатыспаған талапкерлердің фамилиясының тұсына қатыспағаны жайлы белгі  қойылады.

 

ІІІ. Емтихан аяқталғаннан кейінгі жұмыс

 

Саналып алынған эссе тапсырмалары  қабылдау емтиханының төрайымына тексеру үшін тапсырылады.

         Талапкерлердің эссе тапсырмалары  бағалау критерийлеріне  сәйкес 5 балдық жүйе бойынша бағаланып,бағалау парағына толтырылады.

Тексеру біткен соң, эссе тапсырмаларының қорытындысы2 данада дайындалады, бір данасы директорға тапсырылады, екінші дана қабылдау емтиханының хабарландыру тақтасына ілінеді  және колледж сайтында жарияланады.

 Әр талапкерге бағалау парағы толтырылып, балы бөлек есептеледі.

Бірінші дананы негізге ала отырып, қабылдау комиссиясы талапкердің медициналық колледжге қабылданғаны жайлы шешім шығарады.

 

Қабылдау комиссиясы

 

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER