Басты бет

Енгізілді: 03.08.2020Қаралғаны: 1159 рет
9-11 сынып негізінде түсушілер үшін !

 

 

9-11 сынып негізінде түсушілер үшін!

 

Құрметті талапкер!

 

           Қызылорда медициналық жоғары колледжі   2020-2021 оқу жылына талапкерлердің  кәсіби жарамдылығын  анықтау үшін психометриялық тест  жүргізеді.

 Талапкерлердің кәсіби жарамдылығын анықтау үшін алынатын психометриялықтест  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру  бағдарламаларын іске асыратын Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығын    (№578 Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2020 № 197 бұйрығымен бектілген) басшылыққа алады.

Талапкерлерден психометриялық тест  алудағы мақсаты - болашақ медицина  мамандарының  білімін ғана емес,  медициналық кәсіпке деген ерік-жігерін, қабілетін, медициналық мамандыққа деген кәсіби  жарамдылығын  анықтау    және тұлғалық қасиетін бағалау.

 

І. Психометриялық тест жүргізу тәртібі

 

1. Психометриялық тест  тапсырудың  ережелері мен  шарттары туралы мәлімет оқуға түсушілерге   алдын-ала ескертілуі  тиіс.

2. Психометриялық тест  міндетті түрде қабылдау  конкурсына  дейін жүргізіледі.

3.   Психометриялық тест:

-негізгі орта білімі бар (негізгі жалпы) түсушілер үшін;

-жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімді түсушілер үшін; 

- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар медициналық  мамандық профиліне сәйкес емес  түсуші тұлғалар үшін; 

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар медициналық мамандыққа профилі   сәйкес  емес түсушілер үшін;

2020 жылдың 21-24  тамызы аралығында  сағат  10:00   ден 17:00 дейін  колледж  сайтында  жүргізіледі.

4. Барлық оқуға түсушілер  тегіне, жынысына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, түсіне және ұлтына, көзқарасына, кәсібіне қарамастан  психометриялық тест тапсыруға міндетті.

5. Талапкерлер психометриялық тестті өз қалаулары бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсыруға құқықтары бар.

6.Психометриялық тестті қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

7.Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы  баллмен бағаланады.

- негізгі орта (жалпы негізгі)  білімі барлар үшін  бір сұрақ - 5 балл, жалпы орта (орта жалпы білімі барлар үшін  бір сұрақ - 4 баллмен бағаланады.

8.Тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны негізгі орта (жалпы негізгі)  білімі барлар үшін  20 сұрақ, әр сұраққа 1 минут беріледі, тестілеуге берілетін барлық уақыт 20 минут, жалпы орта (орта жалпы) білімі барлар үшін 25 болып белгіленген,  әр сұраққа 1 минут беріледі, тестілеуге берілетін барлық уақыт   25 минут.

9. Психометриялық тест тапсыру қорытындысы  бойынша негізгі орта (жалпы негізгі)  білімі барлар үшін  50 және одан  жоғары балл жинағандар  «Өткен» болып есептеледі, жалпы орта (орта жалпы) білімі барлар үшін 60   және одан  жоғары балл жинағандар  «Өткен» болып есептеледі.

 

     Қабылдау комиссиясы

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER