Басты бет

Енгізілді: 02.11.2020Қаралғаны: 55 рет
Колледжіміздің коменданты Пржанова Ұмсынай Отарбайқызы зейнетке шықты

 

 

Құрметті Ұмсынай Отарбайқызы!

 

Сіз Қызылорда медицина колледжінде 37 жылдан астам қажырлы еңбек етіп, колледждің дамуына өлшеусіз үлес қостыңыз. Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз, еңбек жолыңызды абыроймен жалғастырдыңыз.

Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Сізге ұжымдастардың атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін! Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай. Қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей! Бақытыңыз баянды болып, сау-саламат жүргейсіз! Алда да тасыңыз осылай өрге домалай берсін, көргеніңіз тек қызық болсын!

 

Өткен күннің артта қалып елесі,
Тіршіліктің жылжи берер кемесі.
Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,
Құтты болсын зейнеткерлік белесі.

Бұл зейнет – қарттық жас, қазына жас,
Бала мен немеренің назына мас.
Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,
Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,
Тілейміз қуанышқа бөленгенін.
Жүзге келіп, марқайып отырыңыз,
Қылығына қуанып шөберенің.

 

         Ізгі тілекпен,

   Қызылорда медициналық

жоғары колледжі директоры                С.С.Тасмағанбетова

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER