Басты бет

Енгізілді: 20.11.2020Қаралғаны: 58 рет
Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» және «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде 20 қараша – «Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» және «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқаны аясында «Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында  студенттер арасында колледжішілік онлайн конференция болып өтті». Конференцияның мақсаты балалардың өз құқығы мен міндеттерін, зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын, бақытты балалық шақтың қадірін білу.

 Конференцияда

1. «Бала құқығы конвенциясы» тақырыбында М-201 топ, 2-курс студенті Сұлтанғазы Ақжүніс баяндама жасады.
2. «Бала құқығы – асыл қазына » тақырыбында Е-203 топ, 2-курс студенті Торғаева Гаухартас баяндама жасады.

3. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында  Е-203 топ, 2-курс студенті Қарымсақова Жанна баяндама жасады.

4. «Бақытты – балалық шақ» тақырыбында М-202 топ, 2-курс студенті Керуенбек Мерей баяндама жасады.  Сонымен қатар конференцияға тарих пәнінің оқытушылары  мен«Емдеу ісі-1» бөлімі Е11-топ студенттері қатысты. Онлайн конференция барысында білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынып, осы тақырып аясында керемет ой қозғау болды.

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER