Басты бет

Енгізілді: 25.05.2021Қаралғаны: 38 рет
БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАРШАҒА МІНДЕТ!

БАЛА ТӘРБИЕСІ - БАРШАҒА МІНДЕТ!

Бүгін Қызылорда медициналық жоғары колледж студенттерімен соңғы  кездері жасөспірімдер  арасында орын алып жатқан  қылмыстардың себебі, олардың алдын алу мақсатында ZOOM платформасымен онлайн форматта  жиналыс болды.

Қызылорда Облысының Білім Басқармасы , Құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау  басқармасы, Қызылорда облысының полиция депортаменті өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыста балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында төмендегідей түсіндіру жұмыстары мен ақпараттандыру-әдістемелік  көмектер баяндалып, нұсқаулармен таныстырылды:

- кәмелетке толмағандардың жыныстық сипаттағы қылмыстардың алдын алу;

-интернет желісінде құқықтық статистикалық интернет ресурсын дұрыс пайдалана білу;

- нашақорлықты болдырмау және оның зардабы;

-от, су, жол жүру т.б  ережелерін сақтау.

Жиналысқа ОПД, ЖПҚБ, Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Абдразақова Р.Е.,   Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог маманы Әбдеш.А.А.,Төтенше жағдай депортаментінің  офицері Тұрғанбай.Н. қатысып студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жиналысқа 100 ден астам І, ІІ курс студенттері қатысқанын айта кету керек. Сондай ақ, колледж оқытушылары мен қызметкерлері Абдиканиева Б.Е., Балмаханова  Г.Е, топ жетекшілері Қындыбаева Ж.,  Нұрпейісова Э., Жамалатова т.б қатысып балаларымыздың  тәрбиесінің түзу болуына атсалысып жүрген жоғарыдағы мамандарға алғыстарын білдірді.

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER