Басты бет

Енгізілді: 04.06.2021Қаралғаны: 26 рет
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Рәміздер күніне орай Қызылорда медициналық жоғары колледжінде төмендегідей іс-шаралар болып өтті. Мақсаты: ҚР Рәміздерін жан-жақты насихаттау, Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсінікті дамыту. Студенттерді Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

-Карантин талаптарын сақтай отырып, бір мезгілде колледж ішінде ҚР Гимні орындалды

-Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Раманқұлова Айнұр Есенжолқызы электронды форматта студенттерге құттықтау бейнеролик жолдады

-Студенттік Парламенттің «Құқық және тәртіп фракциясы» мүшелері арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты эссе байқауы ұйымдастырылды

-Студенттік Парламенттің «Мәдениет және өнер фракциясы» мүшелері арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» сурет байқауы ұйымдастырылды

-Колледждің барлық оқу топтарында Рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» қашықтықтан топ сағаттары өткізілді

Фотогалерея
Сауалнама
Мұғалімнің жұмыс сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Хабарландыру
Видеогалерея
FOR PLAYER