Аккредиттеу

Білім беру ұйымдарын аккредиттеу – олардың сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді тетіктерінің болуын растау мақсатында білім беру қызметтерінің белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін аккредиттеу органының тану рәсімі.

Институционалдық аккредиттеу – аккредиттеу органының жарияланған мәртебеге және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігіне білім беру ұйымының сапасын бағалау процесі.

Мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы жүзеге асыратын жеке білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау.

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда медициналық жоғары колледжі” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында институционалдық аккредиттеу рәсімі шеңберінде 2021 жылғы 31 мамыр-03 маусым аралығында білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінің (IQAA) тексеруімен сыртқы аудит жүргізілді. Нәтижесінде колледж 2021ж. 22 маусым – 2026 ж. 21 маусым аралығына Институциональды және Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктер алды.