Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама Басқармасынан алынған деректер
15.08.1928- 01.07.1933 ж.ж
«Әйелдер бөлімінің Х-жылдығы» атындағы Қазақ аймақтық акушерлік техникумы. Қазақ АКСР-і денсаулық сақтау комиссариаты. Қызылорда қаласы, Қызылорда округы. 17.12.1930 жылдан Қызылорда ауданы 30.02.1932 жылдан Оңтүстік Қазақстан болды.
01.07.1937-00.01.1941 .ж.ж
«Әйелдер бөлімінің Х-жылдығы» атындағы Қазақ медициналық техникумы. Қазақ КАСР- денсаулық сақтау комиссариаты 25.12.1936 жылдан Қазақ КСР-і Қызылорда қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы. 15.01.1938 жылдан Қызылорда облысы.
00.01.1941-00.12.1941ж.ж
«Әйелдер бөлімінің Х-жылдығы» атындағы Қазақ фельдшер-акушерлік мектебі. Қазақ КСР денсаулық сақтау комиссариаты Қызылорда қаласы.
00.12.1941-00.11.1954ж.ж
«Әйелдер бөлімінің Х-жылдығы» атындағы Қызылорда фельдшер-акушерлік мектебі. Қазақ КСР денсаулық сақтау комиссариаты. 28.03.1946 жылдан Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлгі Қызылорда қаласы.
00.11.1954-14.06.1996.ж.ж
Қызылорда медициналық училищесі. Қазақ КСР денсаулық сақтау министрлігі. Қызылорда қаласы
14.06.1996-04.08.2016ж.ж
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің №228 бұйрығымен Қызылорда медициналық училищесі, Қызылорда медициналық колледж болып қайта құрылды.
04.08.2016жыл
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда медициналық колледж” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның атауы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда медициналық жоғары колледжі” мемлекеттк коммуналдық қазыналық кәсіпорын болып қайта құрылды.
ДОБРОНРАВОВА ПРОСКОВЬЯ ИВАНОВНА
Директор 1928-1939 жылдар
Қазақ ССР-не еңбек сіңірген дәрігер
Акушерлік техникумның алғашқы оқу ғимараты
1930 жылдардағы Қазақ акушерлік техникумның асханасы
1930 жылдардағы Қазақ акушерлік техникумның жатаханасы.
1930 жылдардағы Қазақ акушерлік техникумның жатаханасы мен клубы орналасқан ғимарат.
1938 жылғы Қазақ медициналық техникумның кеңсесі және оқытушыларының тұрғын үйі.
1938 жылғы Қазақ медициналық техникумның жатаханасы.
1938 жылғы Қазақ медициналық техникумның оқу ғимараты.
1938 жылғы Қазақ медициналық техникумның жатаханасы.
1938 жылғы Қазақ медициналық техникумның жатаханасы.
Нигай Н.Д. Қазақ медициналық техникумның 1939-1941 жылдардағы директоры.
Ли А.С. Қазақ медициналық техникумның 1941 жылғы директоры.
Әлмағанбетов Нұрұлла
1939 жылы Қызылорда медициналық техникумын бітіргеннен кейін, облысымыздағы денсаулық сақтау саласында қызмет жасайды. 1941 жылы өз еркімен сұранып майданға аттанады. Блокададағы Ленинградта әскери госпитальде қызмет етіп, жаралыларға көмегін көрсеткен. Сталинград түбіндегі, Курскі доғасында болған қанды қырғын шайқастарға қатысып ерен ерліктің үлгісін көрсеткен. Жеңіс күнін фашизмнің ордасы Берлинде тойлаған. Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысының І дәрежелі» орденімен, және алты медальмен марапатталған. Жеңіспен әскерден оралғаннан кейін Тасбөгеттегі плотинана құрылысында саяси ұйымның жетекшісі қызметін атқарып, осы республикалық маңызы бар құрылыстың уақытында аяқталуына зор үлес қосады. Одан кейін Республикалық деңгейде ішкі істер бөлімінде қызмет жасайды. 1970-80 жылдар аралығында Қазақ КСР ішкі істер министрлігінде министрдің орынбасары қызметін атқарып, Генерал Майор шеніне демалысқа шығады.
Қалиев Кеңесбай
1941 жылы Қызылорда медициналық техникумын бітіріп, ел басына соғыс қаупі туғанда бірінші болып майданға аттанады. 1941 жылы желтоқсан айында Москва түбінде 183-ші атты әскер корпусында фельдшер болып жаралы жауынгерлерге дәрігерлік көмек көрсетеді. 1944 жылдан бастап офицер щенінде 162 атқыштар полкінде ерлікпен шайқастарға қатысады. Соғыс біткеннен кейін де кадрдегі офицер ретінде қауіпсіздік комитетінде 1946-1951 жылға дейін Литвада, 1951-1960 жылдар аралығында Түркіменстанда шекара әскер қатарында офицер болып жұмыс істеді. 1964 жылы Кеңесбай Смағұлұлына үлкен сенім көрсетіліп, облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланып, осы қызметте зейнеткерлікке шыққанша жұмыс жасады. Подполковник шеніндегі Кеңесбай Смағұлұлы үш орден және ондаған медальдармен марапатталған.
Романовская Надежда
Қызылорда медицина техникумын 1942 жылы үздік аяқтап, өз өтініші бойынша әскерге алынған. Бірінші Белорус майданында полк фельдшері болып, Минск қаласын азат етудегі ерлігі үшін Надежда Ивановна «Қызыл Жұлдыз» орденімен наградталған. Одан кейінгі соғыс жылдарында Дивизия қарауындағы медициналық-санитарлық бөлімін басқарған. Әскери шені медицина саласының кіші лейтенанты. Надежда Ивановна соғыстан кейін Қызылордаға келіп, қалалық бірінші емханада мейірбике болып 45 жыл тұрақты жұмыс істеген. Ол «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысының І дәрежелі» ордендері және медалімен марапатталған. Көп жылғы медицина саласындағы еңбегі еленіп, «Денсаулық сақтау саласының үздігі», Қазақ КСР денсаулық сақтау министрінің грамотасымен марапатталған.
Омаров Ернияз Омарович
1932 жылы 4 қарашада Тереөзек ауданының «Бидайкөл» ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Қызылорда фельдшерлік мектепті бітірді. Тереңөзек ауданындағы «Арысқұм» мал шаруашылық медпунктінде меңгеруші қызметін атқарады. 1952 жылы Қазақ Мемлекеттік Мединститутының «Емдеу ісі» бөліміне түсіп, 1958 жылы бітірді. Қызылорда облыстық аурухананың хирургы, облыстық кеңес беру емханасының меңгерушісі, 1961 жылдан қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1967 жылы қалалық аурухананың бас дәрігері, 1982 жылы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылы Облыстық ЖҚТБ мен күрес профилактикалық орталығының аға дәрігері болып қызмет атқарған. Құрмет демалысына шыққаннан кейін 1997 жылдан бері Облыстық ЖҚТБ мен күрес профилактикалық орталығында кеңес беру дәрігері болып қызмет атқарған. 1974 жылы «Консервативтік және оперативтік емдеу әдісі бойынша балалардың туа біткен жамбас сүйегінің ақауы» атауы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 56 ғылыми еңбектердің авторы болған. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданының құрметт азаматы. Облыстық медицина ардагерлері кеңесінің төрағасы және «Шапағат» қайырымдылық қорының президенті.
Әлназаров Шәріпбай
Сыр өңірінің даңқын асқақтатқан дәрігер Шәріпбай Әлназаров 1934 жылы Сырдария ауданы «Қоғалыкөл» ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Қызылорда фельдшер-акушер мектебін үздік бітірген. 1958 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1960-1963 жылдары Жаңақорған аудандық ауруханасында бас дәрігер болып қызмет еткен. КСРО-ның бас урологы академик Лапаткиннен дәріс алған. 1970-1995 жылдары облыстың бас урологы болып қызмет атқарған. Әлназаров Шәріпбай облыстың қалалық урология бөлімін ашуға ат салысты. 1970 жылдары ашылған осы урология бөліміне өз жетекшілік жасады. Әлназаров Шәріпбай өзінің медициналық іс-тәжірибесінде бес мыңнан астам ота жасап, мыңдаған адамның денсаулығын сақтап қалған аса қадірлі азамат. Өзі бітірген Қызылорда медициналық колледжінде оқытушылық қызметті де атқарып, облысымызға орта буын маман медицина мамандарын дайындауға өз үлесін қосты. Денсаулық сақтау саласындағы зор еңбегі үшін Әлназаров Шәріпбай «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (1971ж), «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген дәрігер» (1984 ж) атақтарымен марапатталды.
Варлен Исаев
1950 жылы Қызылорда медтехникумын қызыл дипломмен бітірген. 1950 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1956 жылы осы аталған институтты қызыл дипломмен бітіріп шығады. 1956 жылы Қызылорда қаласына келіп, облыстық аурухананың ЛОР бөлімінде 4 жыл жұмыс істеді. Мұнан соң Москваның клиникалық ординатурасына түсіп, оны екі жылдан кейн бітіріп шықты. Облыстық аурухананың ЛОР бөлімінде 50 жыл жұмыс істеді. Өзі бітірген Қызылорда медициналық колледжінде оқытушылық қызметті де атқарып, облысымызға орта буын маман медицина мамандарын дайындауға өз үлесін қосты. Қызылордада тамақ, мұрын, құлақ ауруларының съезін өткізіп, үлкен марапатқа ие болды. Облыс көлемінде мұрынға, құлаққа өзгеше операциялар жасаудың тәсілдерін ендірген. Варлен Исаевтың ерен еңбегі жоғары бағаланып, Ленин орденімен, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген дәрігер» деген құрметті атақты иеленген.
1930-1940 жылдардағы медициналық техникумның кітапханасы.
1930-1940 жылдардағы медициналық техникумның кітапханасы.
1930-1940 жылдардағы медициналық техникумның жатаханада тұратын оқушылар бөлмесі.
1930-1940 жылдардағы акушерлік мамандық бойынша оқитын оқушылар тәжрибе сабақ кезінде.
1930-1940 жылдардағы бас оқу ғимаратындағы кірер бөлмеде тарих сабағының өту кезеңі.
Фармакология сабағын өткізу кезеңі. (1930 жылдардағы сурет.)
Анатомия сабағын өткізу кезеңі. (1930 жылдардағы сурет.)
Жұқпалы аурулар сабағын өткізу кезеңіндегі көрініс. (1930 жылдардағы сурет.)
Қалыпты анатомия сабағын өткізу кезеңі. (1930 жылдардағы сурет.)
Физиология пәнінен сабақ өткізу кезеңі. (1930 жылдардағы сурет.)
Бас оқу ғимаратындағы оқушылардың үзіліс кезеңі. (1930 жылдардағы сурет.)
Медицина техникумының 1930-40 жылдардағы асханасы.
Видро.Б.И. 1942-1952 жылдарындағы
Қызылорда фельдшер акушерлік мектеп директоры.
Мақашова София Өтегенқызы
1952 жылдары Қызылорда фельдшер-акушер мектебінің директоры. 1952-1982 жылдары Облыстық денсаулық сақтау басқармасының меңгерушісі.
София Өтегенқызы Мақашова 1923 жылы Қызылорда қаласында туған. Мектепті үздік бітірген София Өтегенқызы 1940 жылы Алматыға келіп қазақ мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Екі жылдай оқыған кезде соғыс басталып, оқуына үзіліс жасауға тура келеді. Соғыстан кейін Душанбе қаласындағы медициналық институтта оқуын жалғастырып, оны 1948 жылы бітіреді.
Өзінің туған жеріне оралып 1948-1952 жылдар аралығында Шиелі аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Сырдария аудандық денсаулық сақтау меңгерушісі, Қызылорда фельдшер-акушер мектебінің директоры болып қызмет атқарады.
1952 жылдан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалып, осы саланы 30 жыл басқарады. Бұл кезеңде облыстық медициа саласы күрделі өзгерістерге қол жетті. Облыс ауруханаларындағы төсек саны 970-тен 6540-қа, дәрігерлер саны 92-ден 1427-ге, орта буын медицина қызметкерлерінің саны 520-дан 4758-ге өсті. Медициналық бекеттер 76-дан 290-ға, санитарлық автокөліктер саны 19-дан 300-ге және ең бастысы ауруханалар саны 32-ден 82-ге көбейді.
Облыстық денсаулық сақтау саласын дамытудағы еңбегі лайықты бағаланып, София Өтегенқызы «Ленин», 2 рет «Еңбек қызыл ту», «Қазан революциясы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталады. Оған «Республикаға еңбегі сіңген дәрігер, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» деген атақтар берілді.
1952-1958 жылдар кезінде Қызылорда медицина училище директоры. 1958-1990 жылдарда Облыстық перзентхананың бас дәрігері.
Наурызбаева Ғалия ана мен баланың денсаулығын қорғау саласында ерен еңбек жасаған аяулы жан. Арал өңірінде дүниеге келген, шалқыған теңізде қазақтан шыққан тұңғыш теңіз капитанының бірі Наурызбай әкесімен бірге кемеде талай толқында тербелген қазақтың қайсар қызы. 1970-80-жылдары арал теңізі проблемасын алғаш көтергендердің бірі.
Арал экологиялық апат аймағының ана мен бала денсаулығына қаншалықты зияны бар екендігін ғылыми тұрғыда алғашқы ашық түрде айтқан дәрігерлердің бірі болды.
Қызылорда медицина училищесін қәзіргі бірінші, оқу ғимаратын салдырған директор. Сол кездегі училищеге қажетті оқу құралдарымен, керек жабдықтармен толығымен қамтамасыз еткен. Орта медициналық білімі бар мамандармен облысты жете қамтамасыз етуге зор үлкес қосқан дәрігер. Денсаулық сақтау саласына қосқан еңбегі жоғары бағаланып Наурызбаева.Ғ.М. «Ленин» орденімен бірнеше медальдармен марапатталды. «Қазақ КСР-на еңбегі сіңген дәрігер» атағын алды.
1959-60 жылдары пайдалануға берілген медицина Колледжінің бірінші оқу ғимараты.
Фомкина А.А.
1958-1962 жылдар кезінде Қызылорда медицина училище директоры.
Даутбаева Сара Төлегенқызы
1962-1991 жылдары Қызылорда медициналық училище директоры.
1962-1991 жылдары Қызылорда медициналық училище директоры.
Сара Төлегенқызы Даутбаева Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін өзінің туған жері Қызылорда қаласына келіп балалар дәрігері болып жұмыс жасайды.
1962-1991 жылдар аралығында Қызылорда медициналық училищесінің директоры қызметін абыроймен атқарады.
1970-1980 жылдарда училищенің материалдық-техникалық базасының жаңарған кезеңі болды. Жаңа оқу ғимараты, 444 орындық екі жатахана Сара Төлегенқызының іскерлігінің, белсенді қызметінің арқасында салынды. Осы жылдары Қызылорда медицина училищесі Республикадағы ең үздік медициналық оқу орнының бірі болып саналды. Бірнеше Республикалық деңгейдегі семинарлардың Қызылорда медицина училищесінде өтуі, соған айтқан дәлел бола алады. Орта медициналық білімі бар мамандармен облысты жете қамтамасыз ету мақсатында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудан орталықтарында және Ленинскі қаласында училищенің филиалдары ашылды.
Сара Төлегенқызының қажырлы жұмысы жоғары бағаланып «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген дәрігер» атағын алған.
Р.Ә.Көзденова-1991-2007 ж.ж
Қызылорда медицина училищесінің директоры.
Көзденова Рая Әбдешқызы 1945 жылдың 29 қарашасында Қызылорда облысы Шиелі ауданында туылған.
1962-1968 жылдары аралығында Шиелі ауданында А.С.Пушкин атындағы мектебін бітіріп, сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1968 жылы институттың педиатрия факультетін бітірп, дәрігер педиатр квалификациясын алып шықты.
1991 жылдан 2007 жылға дейін Қызылорда медицина колледжінің директоры қызметін атқарды. Осы жылдар аралығында Р.Ә.Көзденованың авторлығымен оқушыларға дәріс алуға 12 оқулық пен оқу құралдары мемлекеттік тілде баспадан шығарылып, қолданысқа берілді. Оның ішінде: «Акушерлік іс», «Гинекология», «Қалыпты анатомия», «Медициналық биология және генетика», «Жүйке аурулары», «Медициналық валеология» және т.б оқу құралдары бар.
2005 жылы Облыстық маслихаттан Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды.
2007 жылдан Қызылорда медицина колледжінде «Орта буын медицина мамандарының білімін жетілдіру және қайта даярлау» бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді.
2013 жылдан қоғамдық негізде Облыс медицина саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы.
А.Ш.Әлназарова-2007-2013 ж.ж
Қызылорда медицина колледжінің директоры.
Медицина ғылымдарының докторы.
“Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі”.
А.Б.Ибраева-2013-2016 ж.ж
Қызылорда медицина колледжінің директоры.
Бірінші санатты гигиена және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы.
Жоғары санатты дәрігер-педиатр.
“Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі”.
“Ең үздік сапа менеджері-2009” наминациясының иегері.
Л.А.Култаева-2016-2017 ж.ж
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры.
Ана мен бала денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін “Құрмет” орденімен, “Қызылорда қаласының 190 жылдық” медалімен марапатталған.
“Денсаулық сақтау ісінің үздігі”. Жоғарғы санатты ұйымдастырушы.
Тасмаганбетова Салтанат Сейткалиевна 2017-2023 жж.
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры.