АЙМАҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ АРДАГЕРЛЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Сол секілді медицина саласының ардагерлерінің де Сыр медицинасының дамуына қосқан үлестері ерек.

«Жаңа жыл» мерекесіне орай, ардагерлерімізге құрмет көрсету мақсатында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазилов Сабит Бексеитұлы медицина ардагерлерін арнайы мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Өз кезегінде сала ардагерлері Маханов Тұрғанбай Маханұлы, Көзденова Раиса Әбдешқызы және Сыздықов Ақмырза Сыздықұлы аймақтың бас дәрігеріне алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

You may also like...