МҰҚАҒАЛИ ОҚУЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Бүгін колледж кітапханасы мен қазақ тілі пәнінің оқытушысы Исламбек Аружанның ұйымдастырған «Мақатаев оқулары» байқауының қорытындысы болып өтті. Екі аптаға созылған шараға Мұқағали Мақатаев поэзиясын сүйетін, тақырып мазмұнын талдай білетін, өлеңді мәнерлеп оқитын білім алушылар қатысты. Байқауға қатысушылар поэзия әлемінің сырын ашу мақсатында «Жоқ дәрігер», «Өкпелеттің», «Отан», «Шыда», «Өмір жайлы», «Шеше сен бақыттысың» өлеңдерін оқыды.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім!
-деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдыретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары, Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі.