24.02.2023жылы Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының ұйымдастыруымен 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты «Құшағын ашқан бәріне, Туған жер саған мың алғыс» атты колледж ішілік ,мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу.

Колледж білім алушыларының І курс арасынын 17 студент қатысты. Сайысқа – Казақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлиакбар Қамарсұлу, әдістемелік бөлімнің әдіскері Айжанова Гулназ, кітапхана меңгерушісі Раманкулова Айнур Есенжолқызы төрелік етті.Сайыскерлер «Алғыс айту», «Туған жер», «Тіл» және тағы да басқа патриоттық өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.

Мәнерлеп өлең оқу сайысы өз мәресіне жетіп, Әділ қазы алқасы әділ шешімін шығарды. І орынды Емдеу ісі -26 топ студенті Жолбарыс Нұран жеңіп алды,

ал ІІ орын Емдеу ісі-62 топ студенті Исмайлов Бақберген және Емдеу ісі -27 топ студенті Руслан Бибіасылым,

ІІІ орын Емдеу ісі -67 Әсафи Азамат және Емдеу ісі-69топ студенті Серікұлы Нұрдәулет иеленіп,марапатталды. қатысқан студенттердің барлығына алғыс хат табысталды.

You may also like...