«Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірушілер арасында «ҮЗДІК ФЕЛЬДШЕР- 2023 » конкурсы өтті.
«Емдеу ісі» бөлімінің бітіруші топтар оқушыларының колледж қабырғасында игерген білім деңгейін анықтау, болашақ маман иесінің өз кәсібіне деген қызығушылығын, тәжірибелік іс – машық деңгейін арттыру, сонымен қатар кәсіби дайындық сапасын бағалау, өз бетінше кәсіби міндеттерін шешу қабілетін бағалау мақсатында конкурс өткізілді.
Конкурста сарапшы болған арнайы пән оқытушылары тәжірибелік іс-машықтықты көрсету барысында заттарын дұрыс қолдана отырып, практикалық манипуляцияларды орындауын бағалады.
Конкурста 5 станция бойынша 70,7 жоғары ұпай жинаған жеңімпаз Бағдатқызы Айдана «Үздік фельдшер -2023» атанып І -ші дәрежелі диплом мен тонометр сыйлыққа алды. II орын Ерболатұлы Әзіретәліге, III орын Мұратқызы Гүлсезімге диплом мен тонометр табысталды. Қалған қатысушылар қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.