«Жемқорлық ғасыр дерті»
Аталған тақырыбыпта студенттер арасында дебат турнирі болып өтті. Дебат турнирін өткізу барысында басты мақсатымыз студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін шыңдау, жастардың ойлау қабілетін арттыру және өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыруды үйрету. Турнирді Абызова А студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы мағұлмат берумен, студенттерге сәттілік тілеумен бастады. Одан кейін, турнирге қатысқан фракциялар бақ сынасты. Сөз соңында Рүстемова Г мен Исламбек А студенттердің турнир барысында артық және кем кеткен тұстарын ескертіп, қорытынды жасады. Турнирге «Емдеу ісі» мамандығының Е-26, Е-104 топтарының 1 курс студенттері қатысты
Қорытындылай келе, турнирге қатысқан фракциялар құрамындағы студенттер:
«Алаш» фракциясы:
1 спикер: Серік Нұрай
2 спикер: Райсова Арай
«Ақиқат» фракциясы:
1 спикер: Қаршығақызы Самира
2 спикер: Шакида Аружан
Нәтижесінде «Ақиқат» фракциясы 1 – орынды иеленді. Турнирге қатысқан студенттер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша өз ойларын ашық, сауатты жеткізе білді.