«Арнайы пән-3»
Осы аптада «Арнайы пән-3» пәндік бірлестігінің «Жанашырлар мен жаңашылдар» тақырыбында апталығының ең басты шарасы “Фабри ауруы: пациенттерді бақылаудың негізгі компоненттері және бүйрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды бақылау» тақырыбындағы бүгінгі семинар. Семинардың басты қонағы облыстың штаттан тыс бас нефрологы, Облыстық көпбейінді аурухананың нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, PhD докторант Нурсултанова Лиза Наримановна болды. Лиза Нариманқызы колледж оқытушыларына осы саладағы өзекті мәселелер, облыстағы бүйрек ауруларының қазіргі жағдайларынан мәліметтер және емдеу жолдары бойынша ақпараттар берді.