Бүгін колледжіміздің 95 жылдық мерейтойы шеңберінде қыздар арасындағы волейболдан турнир өтті. Турнир колледжді 30 жылға жуық басқарған Даутбаева Сара Төлегенқызының рухына арналды.
Аталған шараны ашуға денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шайымбетов, білім басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ізімбетов және қоғам қайраткері А.Божановалар сөз сөйлеп, Сара Төлегенқызы жайлы, оқу орнының бағындырған белестері туралы жылы лебіздерін білдірді.
Жарысқа барлығы он колледж қатысып, нәтижесінде 1 орынды М.Маметова ат. Жоғары Педагогикалық колледж, 2 орынды Қызылорда жоғары көпсалалы колледж,3 орынды Шиелі индустр.аграрлық колледжі жеңіп алды. Оларға Сара Төлегенқызының отбасы мүшелері қаржылай жүлде табыстады.