Monthly Archive: Маусым 2023

«Адам ағзасына уытты заттардың зияны» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының маманы, спорт нұсқаушы, Ұлттық жекпе-жектен әлем чемпионы Б.Ә.Қобланов және Жастар денсаулығы орталығының психологы Ұ.Жұматайдың қатысуымен 2023 жылдың 6 маусым күні колледждің 1 курс 8, 99, 96, 68, 69 топ білім алушыларына, салауатты өмір салты мен спорттың пайдасын айтып, зиянды әдеттер, уытты заттардың адам өмірі мен ағзасына қауіпі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Аманат партиясы алдында Қызылорда медициналық жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі және “Жастар Рухы” Жастар қанатымен бірлесе “Патриотизм Дауысы” патриоттық акциясы тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. Бұл кешке колледж оқытушылары мен студенттері белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.