ЖАСТАРЫМЫЗ “ЖАСТАР РУХЫМЕН”

Қазан айының 10 жұлдызында Қызылорда медициналық жоғары колледжінде “Amanat” партиясының жанынан құрылған “Жастар Рухы” Жастар қанаты ҚОФ төрағасымен студент жастар кездесуі өткізілді.Кездесуде жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың кезекті халыққа жолдауы және ұйым жұмысын ақпараттандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқу орнының бөлімше жетекшілігіне Әсафи Азаматтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты. Кездесу соңында колледжіміздің белсенді студенты Бериков Елжанды Аманат партиясының “Алғыс хатымен” марапаттады

You may also like...