САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
29.04.2024 жылы Қызылорда облысының білім басқармасы,Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті мен бірлескен жоспар негізінде, колледждің «Рухани жаңғыру» кіші мәжіліс залында, бірлескен жоспарға сәйкес, «Салауатты өмір салтын нсихаттау», «Алкоголизм, нашақорлық профилактикасы және олардың салдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге колледждің 1 курс білім алушылары, колледж әкімшілігі әлеуметтік педагог, жастар комитеті қатысты. Облыстық жастар денсаулық орталығының валеолог мамандары А.З.Құлмұратова, Ә.М.Алменова, колледж медбикесі А.О.Алибаева өткізді. Кездесудің мақсаты: қазіргі уақытта нашақорлық, маскүнемдік, синтекалық есірткі проблемасы әлем бойынша да өзекті болып отыр. Соның салдарынан жастар арасында есірткіні, уытты затты т.б. пайдалану жағдайлары аса алаңдатушылық тудыруда. Жаман әдеттердің нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы қысқарып, әлеуметтік жағдайларға әсер етуде. Жаман әдеттермен күресудегі негізгі ұстаным дұрыс ақпарат алу. Зиянды әдеттерден аулақ болып, шылым шегудің, алкоголизмнің, нашақорлықтың алдын алуға әрбір азамат өз үлесін қосу қажет.
Жағымсыз зиянды әдеттермен күресу үшін салуатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану, білім мен тәлімді қатар алып мақсатқа жете білу қажет. Болашаққа мықты, нық қадам адамның денсаулығы, ең маңызды құндылығы…