НАШАҚОРДЫҢ ӨМІРІ ҚОР

21.05.2024 жылы Қызылорда облысының білім басқармасы,Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті мен бірлескен жоспар негізінде бірлескен жоспарға сәйкес, «Нашақорлық пен есірткіге тәуелді болудың алдын алу» сала мамандарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге колледждің 1 курс білім алушылары, колледж әкімшілігі әлеуметтік педагог, жастар комитеті қатысты. Облыстық наркология орталығының валеолог мамандары К.Ж.Байдусенова, колледж медбикесі А.О.Алибаева, колледж психологы Ж.Әшімова өткізді. Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-20265 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында алкогольге, есірткіге тәуелділіктің пайда болуының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау профилактикалық шаралары болып табылады.Нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер,адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және гығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін пікір алмсты. Нашақорлық әлеуметтік –құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білу үшін әрбір ата-ана отбасында жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, қылмыстың да, зиянды әдеттердің де алдын алған болар едік. Сонымен қатар әлеуметтік желі ақпаратына да көңіл бөлген дұрыс..

You may also like...