ЕВРООДАҚ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Колледжіміздің директоры Ж.А.Калмакова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Е.Абдиканиева 20-25 мамыр күндері Латвия мемлекетіне іскерлік сапармен барып келді. Рига қаласындағы 122 жылдық тарихы бар “Рига медициналық колледжінде” болып медициналық білім берудегі жаңалықтармен танысты, колледждің және емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын аралап нәтижелі тәжірибелерді көрді.

Сапар барысында Рига медициналық колледжімен екі жақты меморандумға қол қойылды. Меморандумда алдағы уақытта екі колледжі оқытушылары тәжірибе алмасу мақсатында бірлесіп ғылыми жобалар жасау, өндірістік практикалар өту, орта буынды медициналық мамандардың ролін арттыру, білім берудегі жаңа технологияларды жетілдіру көзделді. Айта кетейік, медицина бағытындағы ғылыми жобаларды Евроодақ деңгейінде іске асыруға уағдаласты.

Осы сапардың нәтижесінде алдағы оқу жылының қазан айында әріптестер біздің оқу орнымызға іс-сапармен келмекші.

You may also like...