«Жасөспірім және заң» тақырыбында дебат турнирі болып өтті.

2024-2025жж арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «GLOBAL» дебат клубының ұйымдастыруымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында дебат турнирі болды. Мақсаты: білім алушылардың бойында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру. Кәмелет жасына толмаған балаларға бағыт-бағдар көрсетіп, білім алушыларды жаман әдеттерден сақтандыру. Колледж білім алушыларын жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Турнирге қатысқан фракциялар 1,2,3 орынмен және үздік спикер, үздік төреші номинациясымен марапатталды.

You may also like...