Мамыр айының 27-28 күндері колледжде Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен Қазақстан Республикасында 18-19 жас аралығындағы жоғары медициналық колледж студенттері арасында зерттеуді жүргізілді.

Зерттеуді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының психикалық денсаулық мәселелері бойынша консультанты Негай Николай Анатольевич жүргізді. Зерттеудің мақсаты жағымсыз балалар тәжірибесінің таралуын зерделеу және жағымсыз салдарларды азайту үшін тиімді шараларды әзірлеу. Бұл зерттеу жағымсыз балалар тәжірибесінен алынған халықаралық сауалнаманы (Adverse Childhood Experiences International Questionnaire) пайдалана отырып жүргізілді. Нәтижесінде ЖБТ профилактикасы мен салдарын азайтуға көмектеседі. Зерттеуге колледждің 18-19 жас аралығындағы 525 білім алушы қатысты. Сауалнама сұрақтарына жауап алу арқылы колледж білім алушыларының демографиялық деректері, ата – аналарымен немесе қамқоршыларымен қарым – қатынасы, отбасылық жағдайы, құрдастар тарапынан буллинг, қоғамдағы зорлық – зомбылық фактілері, ағымдағы күйі мен мінез – құлқы, мазасыздық пен депрессия күйі зерттелді.

You may also like...