«Есірткісіз жарқын болашақ, Есірткіге жол жоқ!»

Облыстық білім басқармасының нашақорлықтың алдын алу бағытының іс шаралар кестесіне сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінде маусым айының 18-21 аралағында І курс білім алушыларының арасында «Есірткісіз жарқын болашақ», «Есірткіге жол жоқ!» тақырыптарында эссе байқауы өткізілді. Жастар мен жасөспірімдерді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған эссе байқауына колледжіміздің І курс білім алушыларынан 415 білім алушы қатысты. Қатысушылардың барлығы шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, жазу сауаттылығының сапалы дәрежесін көрсете білді. Нәтижесінде ерекше, үздік жазылған эссе жеңімпаздары: «Мейіргерісі» бөлімі 95 топ білім алушысы Ғалымжанқызы Айгерім, «Емдеу ісі» бөлімі 21 топ білім алушысы Жарылқап Ақерке, «Стоматология» бөлімі 24 топ білім алушысы Батырбекова Нұрайлым, «Мейіргер ісі» бөлімі 113 топ білім алушысы Шәкібаева Диана анықталып колледішілік мақтау қағаздарымен марапатталды.

You may also like...