«Кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тартудың құқықтық салдары»

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «GLOBAL» дебат клубының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды есірткі ортасына тартудың құқықтық салдары» тақырыбында дебат турнирі болды. Дебат турнирін өткізу барысында басты мақсатымыз кәмелетке толмағандар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін оқушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің баптарымен таныстыру; есірткінің алдын алу және оқушылар арасында таралуына жол бермеу, зияны мен зардабын ұғындыру. Кәмелет жасына толмаған балаларға бағыт-бағдар көрсетіп, білім алушыларды жаман әдеттерден сақтандыру. Колледж білім алушыларын жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу. Турнирге қатысқан фракциялар 1,2,3 орынмен және үздік спикер, үздік төреші номинациясымен марапатталды.

You may also like...