“ҚАРТТАРЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ”
1 қазан – Қарттар мерекесіне арналған сала ардагерлерімен,Қызылорда медициналық колледжінің студенттері «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік қайырымдылық кеші өткізілді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – аға буын ардагерлерге, зейнеткерлерге көңіл бөлу, оларға материалдық, қайырымдылық көмек көрсету.Белсенді студенттер әзілді көріністер көрсетіп,би билеп,ән шашуларын айтып,өз өнерлерін көрсете білді.
Мерейлі мерекеге орай қарттарымызға ұзақ өмір, мықты денсаулық, қажырлы қайрат тілейміз! Адамзат өркениетінің алыбы болып жүре беріңіздер!
Еліміз аман, берекелі заман болсын!