Құрметті ұстаздар!

Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр шәкірттің жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады.

Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.

Еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағаланып, шәкірттеріңіздің сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер!!!

You may also like...