ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ЖАУАПТЫ МАМАНДАРЫНА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оларға бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандарына мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңның нормаларын түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қағидалардың нормаларын түсіндіріп, сала мамандарына жаңа Заң бойынша кеңінен ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, шара барысында қатысушылардың сұрақтары мен жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, өзара пікір алмасулар жасалды.