«Есірткі – қоғам дерті»
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы Жетпіс Мақсат Ғабибуллаұлының ұйымдастыруымен «Дантист» 29 топ студенттері арасында, «Есірткі – қоғам дерті» тақырыбында топ сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткі заттарынан бойды аулақ ұстауға шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.
Топ сағаты барысында есірткі заттарының адам ағзасына, психикасына және қоғамға тигізетін кері әсерлері талқыланды. Сонымен қатар, әр студент өз ойын ашық айтып, осы мәселеге байланысты пікір алмасты. «Дантист-29» тобы, салауатты қоғам қалыптастыруда әрбіріміздің үлесіміз маңызды екенін түсінді