ҚАУІП ЖОҚ ДЕМЕ, ҚАУІПСІЗДІК САҚТА!
Оқу орнының тәрбие бөлімі білім алушылармен күнделікті кездесу, сұқбат, түсіндірме жүргізеді. Бүгін колледж заңгері Т.Нұрымбетов, ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны А.Досмағанбетов және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Б.Ералиев бірнеше оқу топтарына кіріп суық қару және оған ұқсас заттарды алып жүрудің, әлімжеттілік, бопсалау, буллинг мәселелері бойынша да құқықтық жауапкершілікке қаралған жайлы айтылып, жағымсыз жағдайлардың алдын-алуға шақырды.
Сондай-ақ, алдағы жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық жарылғыш заттарды сатып алмауға, қауіпсіздікті күшейту туралы айтылды.
Іс-шара облыстық білім басқармасы, полиция департаменті және денсаулық сақтау басқармасының «2024-2025 оқу жылына арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» аясында ұйымдастырылған.