СӨЗЖҰМБАҚТАР МЕН ЖҰМБАҚТАР КҮНІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Сөзжұмбақтар мен жұмбақтар» күні «Емдеу ісі» -11 топпен өткізілді. Бүгінде сөзжұмбақтың 24 түрі бар. Жапон және скандинавиялық сөзжұмбақ – танымалдылығы жағынан алдыңғы қатарда. Ми қызметінің жұмысын жақсартуда сөзжұмбақ шешудің пайдасы көп екендігі айтылды. Сканвордты жиі шешетін адамның есте сақтау қабілеті жоғары болады. Түрлі сұрақтарға жауап беру барысында біліміңізді жетілдіріп, ізденіске түсесіз. Сөздіктер мен энциклопедиялар таным көкжиегіңізді кеңейтеді. Жұмысқа белсенділігіңіз төмендеп, еңбек өніміңіз азайса, 15 минут уақытты сөзжұмбақ шешуге арнаңыз. Ойыңыз бөлініп, миыңыз жаттығады. Сондай-ақ, мұның студенттерге де берері көп. Студенттердің қызығушылығын арттырып, зейінін қалыптастырады.


