ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында кешенді жоспар аясында колледж студенттері Жастар ресурстық орталығы, дін мәселелерін зерттеу орталықтарының мамандарымен кездесті. Теолог маман Н.Бауыржан Жастар арасындағы жат ағымдардың жетегінде кетпеу жолдарын түсіндірсе, Н.Сұлтан NEET санатындағы жастармен жүріп жатқан жұмыстарды айтты. Сондай ақ, ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны А.Досмағанбетов жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жайлы баяндады.