«Үш тілділік менің бақытым» эссе жазды
Қызылорда медициналық жоғары колледжі кітапханасының ұйымдастыруымен студенттер «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Үш тілділік менің бақытым» тақырыбы бойынша кітапханашылар ұсынған әдебиеттер мен шағын мәтіндерді оқып, өз ойларынан еркін түрде эссе жазды.
Іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан қазіргі жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені, еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік.

