АПТАЛЫҚТЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢ
«Жалпы кәсіптік пәндер-2» бірлестігінің «Анатомия, физиология, патология» пәні бойынша «Дене әлемін танып –біл!» атты апталық өтуде. Анатомия, физиология,патология пәнінен «Бір сұрақ-бір қалам» атты іс-шара өтті.
«Жалпы патология» пәнінен барлық мамандықтар арасында карикатура, «Үздік презентация» жәнеI-II курс оқушылары арасында «Патология әлемі» атты топтық сайыс өтеді.
Сонымен қатар, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Анатомия, физиология» пәнінен колледжішілік «Анатомия білгірі» атты сайыс ұйымдастырылады. Апталықтың жабылу салтанатында белсенді қатысқан студенттер марапатталады.